СШО: Билік Қаңтар оқиғасын саяси қарсылық ретінде мойындауы керек

Қазақстанда Саяси шешімдер орталығы құрылып, алғашқы отырыста сарапшылар Қаңтар оқиғасына баға берді. Онлайн жиынға LLM, PhD кандидат, гендерлік экономиканы зерттеуші, SDU оқытушысы Әйгерім Құсайынқызы, антрополог, PhD кандидат, Саяси шешімдер орталығының сарапшысы Динара Әбділда, зерттеуші (NARXOZ университеті), саяси экономика бойынша PhD Қайрат Молдашев, әлеуметтанушы, PhD кандидат, PaperLab зерттеу орталығының жетекшісі Серік Бейсембаев қатысты. Жоба модераторы - Шалқар Нұрсейітов.

Ақниет Аманжолқызы

  • 11.02.2022

Алдымен сарапшылар өз салалары бойынша Қаңтар оқиғасына баға берді. Қазақстандағы экстремизм жағдайы зерттеуші Серік Бейсембаевтың айтуынша, Қаңтар оқиғасы бір күнде туындаған наразылық акциясы емес. Оның өзіндік динамикасы бар, өзіндік даму ережесі бар әлеуметтік-саяси құбылыс. Зерттеуші оқиғаны шартты түрде 3-кезеңге бөлді:

1-кезең 2014-2019 аралығында елдегі жалпы наразылық деңгейінің артуы. Яғни  2014 жылы болған экономикалық дағдарыс кезінде күшейіп, девальвация әсерінен халықтың әл-ауқаты төмендей бастаған.

2-кезең 2019 жылы басталған. Яғни бірінші президент өз өкілеттілігін мерзіміннен бұрын аяқтап,  екінші президентке орын беруімен, 2019 жылы сайлау кезінде халық оппозициялық кандидат ретінде Әміржан Қосановтың жанына жиналып, оның штабтарын ашып, жұмысына тікелей әсер ете бастауы. Және дәл осы тұста «Оян, Қазақстан», «Көше» партиясы, «Республика» қозғалысы деген жаңа саяси күштердің пайда болуы.

3-кезең 2022 жылдың қаңтар айы. 2019-дан бастап өзгерісті күткен қоғам ешқандай өзгерісті көрмей керісінше артқа қарай шегінуді байқайды. Өзгерістер орын алмай, саяси жүйе сол күйі қалып, пандемия әсерінен экономика одан әрі құлдырай түседі. 2021 жылдың соңында қоғам наразылықтың шегіне жетіп, 2022 жылғы газдың бағасының көтерілуі триггер болып, наразылықты жаппай мобилизацияға айналдырады.

Сарапшының сөзінше, қаңтардағы оқиға террористік акт емес, әлеуметтік-саяси қарсылық. Адамдардың өзара ұйымдасуына негізделген. Ортақ лидер, ортақ ұйым болған жоқ. Осы кезге дейін қарсылық танытып жүрген күштер, жаңаөзендіктерді қолдау және өз мәселелерін айту мақсатында біріге алды.

Алайда сарапшы билік бұл оқиғаны саяси қарсылық ретінде бағалауға ниетті емесін айтты. Оның себебі оқиға осы уақытқа дейінгі саяси жүйенің тиімсіздігін, азаматтардың көңілінен шықпайтындығын мойындаумен пара пар болады.

«Өзім Қазақстандағы экстримизм мен терроризм мәселелерін зерттеп жүрген адам ретінде менің айтарым елімізде билік айтқандай «подпольный экстремистік-террористік ұйым» жоқ. Осы уақытқа дейін болған террористік актілер шағын топтың локалды түрде биліктің құқық қорғау органдарына қарсы бағытталған іс-әрекеті болатын. Қаңтар оқиғасына азаматтық қарсылық ретінде баға беру өте маңызды. Ресми биліктің бағасын таратқан ақпарат көздеріне де критикалық көзқарас қалыптасқаны жөн», - деді Серік Бейсембаев.

Антрополог Динара Әбділда үкімет әртүрлі ақпарат көздері мен белгілі адамдар арқылы кінәні биліктен халыққа ысыруға тырысуда. Яғни қарсылық танытқан адамдарды «маргиналды жастар» немесе «тәрбиесіз» деп айту арқылы үкімет жауап беруі тиіс дүниелерді отбасындағы тәрбиеге ысырып қойды.

«Шыққан адамдарға қатысты жауапкершілікті тікелей ата-анаға, отбасыға бұрып қою. Тәрбиемен білім бермеген ата-ана кінәлі бірақ сапалы білімге қолжетімділік барлығына бірдей жұмыспен қамту деген бұл үкіметтің жұмысы, тікелей қызметі екендігін үкіметтің сөздерінен байқай бермейміз», - деді Динара Әбділда.

Ол президент Тоқаевтың осы кезге дейін сөйлеу риторикасы өзгергенін де атап өтті. Мысалы, бастапқы да «20 мың террорист» деп жариялап, кейін твиттердегі осы жазбасын өшіріп тастауы, қаңтардың басында алаңға шыққандарды «экстремист, террорист» деп атап, ал 29 қаңтарда берген сұқбатында қарсылық көрсеткен адамдарды «хулиганы, бандиты, моргинальная молодежь» сөздерін қолданған. Алайда президент пен үкіметтің қазіргі халықпен тілдесунен елді өзара бөлу, іріткі салуды да байқауға болады екен. Мәселен, шетелде оқып келген хипстерлер, Алматыны қиратқан ауылдан келген оқамыған, қараңғы жастар деген секілді.

Қазақстандағы гендерлік экономиканы зерттеуші Әйгерім Құсайынқызы қаңтардағы жағдай елдегі гендерлік мәселелерді артқа сырғытып қойғанын айтады. Оның сөзінше, кейбір облыстарда әйелдергі тек митингке тамақ әкеліп беруші ретінде қарап, микрофон алып, өз ойларын айтуға қарсылық көрсетілген. Наразы топпен байланысқа шығуға талпынған Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың әрекеті де екі түрлі бағаланған. Біреулер «әйел болса да, қорықпады» десе, екінші біреулер «сен ешнәрсе шеше алмайтын әйелсің» деген. Қазақстанда қарсылық білдірген топтарды анықтау кезінде 80 пайызы орта жастағы ер адамдар деп айтылып жатқанын ескере отырып, өзге елдермен салыстырды. Мәселен, Беларусь, Ресей, Украинадағы қарсылық акцияларында 45-55 пайыз немесе 40-60 пайыз әйелдер болады.

Ол елдегі әйел бейнесіне тоқталып, әйелдер мәселесі дегенде тек көпбалалы аналар туралы айтылатынын және Қазақстандағы гендерлік саясаттың бейнесі мен Қазақстан даму жоспарында көрсеткен стратегиялардан ұтылып бара жатқанын ескерді.

«Қамауда отырған көпбалалы аналар туралы деректер бойынша ең көп Қызылорда, Түркістан облыстарында көпбалалы аналар қамауда отыр. Постқаңтарлық жағдайда да бір-екі баласы бар аналарға да қысым көрсетіліп жатқаны айтылып жатыр. Бірақ ішкі істер министрлігі қамауға алынған және қайтыс болған адамдардың гендерлік ерекшеліктері туралы ақпарат берген жоқ. Сондықтан әйелдердің жағдайы туралы нақты ақпарат айта алмаймыз», - деді Әйгерім Құсайынқызы.

Зерттеуші Қайрат Молдашев Қаңтар оқиғасына лаңкестік шабуыл деп баға беру қиын екенін айтады. Себебі лаңкестік әрекет қорқыту мақсатымен жасалады және биліктің шешіміне әсер ететін талаптар қойылады. Өзіндік лаңкестік топтар оқиғаны өз мойнына алып жатады. Ал біздің жағдайда бұл әрекеттердің ешқайсысы болмаған.

«Бейбіт шеру бар. Саяси талаптар қойған, экономикалық талаптар қойған халық. Тонаушылар болды, бұзақылық жасалды, бұны қабылдау керек. Алайда лаңкестік болды деу үшін біраз дәлел керек. Әрине бірақ лаңкестікпен күрес басталып кетті. Сөз айтылды, оқ атылды, жұмыс қазір жүргізіліп жатыр. Саяси режимдерге түймедей қауіпті түйедей көрсету ыңғайлы. Сырттан жау іздеп Ресейдің дискусына өтіп кетуіміз мүмкін. Халық бір мәселелерді көтеріп жатса, немесе азаматтық белсенділер болса, оны сыртқы жауға сілтей салуы да мүмкін», -  деді Қайрат Молдашев.

Сарапшылар 7 қаңтардағы Тоқаевтың «ескертусіз ату» туралы бұйрығына да баға берді.

«Мен маман емеспін, бірақ азаматтық позициям, Тоқаевтың бұл бұйрығы моральдық тұрғыдан да құқықтық тұрғыдан да ешқандай да ақтауға келмейді. Қайтыс болған бейбіт адамдардың атын жасыру, қандай жағдайда қайтыс болғанын айтпау, тіпті осы өлімдерді мойындамау, күннен күнге қазіргі президенттің билік ретінде саналуы туралы сұрақтар туындатады. Қоғамда үрей болса да, наразылық акциялары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Биліктің реакциясы, риторикасы теріс эффект берді. Шындықты айтып қоғамды біріктірудің орнына, бөліп-жарды. Қаңтар оқиғасына нүкте қоюға әлі ерте», - деді Серік Бейсембаев.

Ал Әйгерім Құсайынқызы оқиғаны Тәуелсіз БАҚ айтып жүргендей «геноцид» деп жариялауға келмейтінін және оқиға Қазақстанның ішкі мәселесі болғандықтан өзге мемлекеттердің араласа алмайтынын айтты. Және Қазақстанның ішінде де бұл мәселені көтеріп, осыған жауапты адамдар туралы мәселе көтеретін орган жоғын, қазіргі органдардың барлығы ескі жүйеден қалып қойғанын айта кетті. Ол билік күш қолданылмағаны туралы қанша айтса да, қоғамда дәлел барын ескертті.

«Бұл заңсыз әрекет, және басшының өз халқына жасаған санқындық. Адамдық тұрғыдан да қылмыс деп есептеймін», - деді ол.

Сарапшылар Тоқаевқа сенім білдіріп жатқан адамдар да бар екенін ескере кетті. Және қазіргі президентке картбланш беруге дайын азаматтар бар. Олар билік толық Тоқаевтың қолына енді түсіп, бар жауапкершілік енді мойнына ілінгенін айтып, және оның орнына келуі мүмкін адам одан өткен негатив болуы мүмкін екендігін айтқан. Алайда халықтың бойында сенімнен гөрі қорқыныш пен үрей басым екені де айтылды. Және сену, сенбеуден бөлек «маған бәрібір» дейтін адамдар да кездеседі.

Зерттеушілер бұрын халық ешнәрсеге әсер ете алмаймыз деген көзқараста болса, осы оқиғадан кейін біріге алатыны туралы білгенін айтады. Және осы әділетсіздіктен кейін қарсылық күшейе беретінін ескертті.

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев соты қоғамды өзгерте ме?

02.05.2024

Қантөгісті қолдау немесе желідегі жұрт қайда бара жатыр?

28.12.2021

Билік Ресейге жалтақтамай өз халқына арқа сүйесін

29.12.2020

Мәминнің мырзалығы және 361 "халявщик"

27.04.2020

Партиялық тізім, 30% квота және саяси құлдық

23.04.2020

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?

19.04.2020
MalimBlocks
Бишімбаев соты қоғамды өзгерте ме?

Malim.kz тілшісі осы сұрақтарды сарапшыларға қойды. 

Қантөгісті қолдау немесе желідегі жұрт қайда бара жатыр?

Адамгершіліктен аттап кеткен қоғам. Зорлық-зомбылықты заңдастыру риторикасы белең алған ел. Әлеуметтанушылар Қазақстанның бүгінгі кейпін осылай бағалап отыр.

Билік Ресейге жалтақтамай өз халқына арқа сүйесін

Мәминнің мырзалығы және 361 "халявщик"

Партиялық тізім, 30% квота және саяси құлдық

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?