«Бұл заң жобасы - сайлау алдындағы саяси айла» - Белсенді

Бұл заңның көздегені әлеуметтік желілерді, тәуелсіз платформаларды бұғаттау я болмаса өз «сенімді» адамдарын отырғызу арқылы толық бақылауға алу.

Олжас Қасым

  • 09.03.2022


Бүгін мәжілісмендер тағы бір заң жобасын мақұлдады. Депутаттардың пікірінше, бұл құжат буллингке тосқауыл қоюды көздейді. 
Нақтырақ айтқанда заң жобасы әлеуметтік желілерде балаларға буллингке ұшырататын жазбалар мен пікірлерді бұғаттамақ.  


Айта кетейік, бүгінде қазақстандық оқушылардың 12 пайызы кибербуллингтің құрбаны болады. 11-15 жастағы ұл-қыздардың  11 пайызы әлеуметтік желілерде әлімжеттік көрген немесе куә болған. Былтыр кибербуллинг бойынша 78 мың өтініш-шағым тіркелген.Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы  осындай мәлімет таратып отыр. 


Депутат Динара Закиеваның айтуынша, «Платформалар, 100 мыңнан аса қолданушысы бар әлеуметтік желілер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кибербуллинг деректері бойынша өзара іс-қимыл жүргізетін өз өкілін тағайындауы тиіс. Мәселен, ата-ана АҚДМ-ға баласына әлеуметтік желілерде кибербуллинг жасалды деген арызбен жүгінсе, АҚДМ-да үш күн ішінде шаралар қабылдануы қажет. Осы үш күн ішінде олар ақпаратты тексеріп, әлеуметтік желі өкіліне жібереді. Өкіл 24 сағат ішінде балаларға қатысты кибербуллинг бар контентті, ақпаратты жоюы тиіс".

 
Заң жобасында "кибербуллинг" және "қудалау" терминдеріне анықтама беріледі. Ол - қорлау сипатындағы жоспарлы әрекеттер, қорқыту, бопсалау, сондай-ақ, кез келген әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға итермелеу. Бұл әрекеттер қоғамдық салада немесе телекоммуникация желісінде, сондай-ақ, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып жүзеге асады.

Журналист, қоғам белсендісі Бэлла Орынбет  
Ал қоғам белсендісі, журналист Бэлла Орынбет кибербуллинг проблемасы мұнымен шешілмейтінін айтады. Оның пікірінше, «кибербуллингке қатысы бар контентті бұғаттап отыру суға кеткен қайықтың ішіндегі суды шелекпен төгіп отыруды елестетеді. Кибербуллингтің негізгі себебі қысым жасайтын контентте ғана емес. Неліктен қайықтың тесігін бітемеске, неліктен буллингтің алдын алу үшін әділ сот, қоғамдағы коммуникация мәдениетін, көмек көрсетуші құрылымдарды дамытпасқа?». 
Қоғам белсендісінің пікіріне сенсек, бұл сайлау алдындағы жоспарлы әрекет.  «Алдымен бұл экспериментті көршілес Ресей қолданған. Нәтижесі белгілі. Иноагент деп қаншама медианы жапты. Сайлау алдында саяси оппоненттерінің ресурстарын жауып тастады. Бірнеше күн бұрын ғана Google өкілдігіне тінтумен келіп, қомақты айыппұл салды»,-дейді ол.

 
Бэлла Орынбет «Егер Қазақстан сөз бостандығын рейтингісінде 155 орында тұрмаса, егер Қазақстан жемқорлық деңгейін бағалау тізімінде 94 орында тұрмаса, бәлкім шетелдік платформалардың тіркелуіне қарсы болмас едім деген пікірде. 
«Экономикалық және саяси тәуелсіз мемлекет ретінде мұндай әрекетті түсінуге әбден болады., Алайда бір қолымен тәуелсіздігін көрсете отырып, бір қолымен Ресей бодандығына қайта сұранып отырғандай электронды мемлекет платформасын ресейлік Сбербанк құрылымына беруді қалай түсінуге болады? Сондықтан мен бұл мәселеде тек саяси айланы ғана көріп тұрмын» дейді журналист.  

 

Қазір құзырлы орган өкілдері ең ірі әлеуметтік желілермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Олар - Facebook, Instagram, LinkedIn. Алдын ала мәліметтер бойынша, Гонконгта министрлікпен байланыста болатын өкілдер анықталды", - деп мәлім етті депутат Д.Закиева.  
Осы уақытқа дейін әлеуметтік желідегі буллингке қатысты нақты жауапкершілік жүктейтін заң нормалары болған жоқ. Мәжіліс аталған заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған кезде қоғамдық пікір екіге жарылған-ды. Депутаттар жобаның халыққа қажет екенін айтса, қоғам белсенділері тереңірек талқылау керектігін жеткізген. 


Алайда Бэлла Орынбет бұл заңның көздегені әлеуметтік желілерді, тәуелсіз платформаларды бұғаттау я болмаса өз «сенімді» адамдарын отырғызу арқылы толық бақылауға алу деп отыр. 
Яғни   медиада  биліктің қателігін ашық  айту, заңсыз әрекеттерге қарсылық білдіру, елдегі шиеленісті оқиғаларға кері реакция беру үрдісі жиі байқалады. «Өкінішке қарай қазіргі жағдайда халықтың сенім кредиті төмендеп кеткен. Азаматтар әділетсіздікке тап болғанда мұңын шағатын, шындықты іздейтін жалғыз инстанция ретінде әлеуметтік желілерді көреді. Кейде әлеуметтік желідегі жариялылық проблеманы шешуге көмектесіп те жатады. Ал бұл жағдай бас жарылса бөрік ішінде деп жақсы жағынан көрінуге тырысатын билік органдарына, белгілі бір тұлғаларға ұнамайды. Сондықтан осы заң жобасын ұтымды пайдаланып отыр», - дейді қоғам белсендісі.   
 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

27.03.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

26.03.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025

Қостанай облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

24.03.2025

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

20.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

Депутат Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азамат пен мемлекет жарнасына қатысты шағым айтты

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Қостанай облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Ер адам қалаға танымал кәсіпкер екені, қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін делінген.

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

Мемлекет басшысының осы жылдар ішінде елімізді оң өзгерістерге бастайтын: атқарушы билікке берілген тапсырмалары, бастамалары, ұсыныстары көптің көкейінен шығып жатқаны анық