«Бюджет тапшылығы бар»: Тоқаев инвестиция тартуды тапсырды

Бірнеше облыста тікелей шетел инвестициясын тарту қарқыны төмендеген

Сабина Асқарқызы

  • 28.01.2025

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет инвестиция саласындағы жұмысты күшейтуі қажет. Басқа жол жоқ. Әйтпесе, инвестиция нарығындағы бәсекелестік қызып тұрған кезеңде заман ағымынан кеш қаламыз. Бізге сапалы инвестиция қажет екені анық. Озық технологияға негізделген және сыртқы нарыққа арналған жобаларды әдетте шетел инвесторлары ұсынады. Былтырғы 9 айда елімізге 12,7 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл 2023 жылдың дәл сондай кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға кем, деді Президент.

Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тікелей шетел инвестициясын тарту қарқыны төмендеген.

Ал жеке инвестицияның азаюы бюджет есебінен өтеліп жатыр. Бірақ мұндай шарамен ұзаққа бара алмаймыз. Қазір бюджет тапшылығы бар екенін білесіздер. Сондықтан сапалы инвестиция әкелетін жауапкершілігі жоғары инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесін қарастырған жөн. Мұндай саясат менің ел экономикасын ырықтандыру туралы стратегияма толық сай келеді. Бұл – маңызды сәт.

Үкімет инвесторды іздеуге, қолдауға және қорғауға қатысты жұмыстың бәрін жүйелі жүргізетін біртұтас экожүйе құруы қажет. Бұл жұмыс барлық деңгейде, яғни аймақта, орталықта және шетелде бірдей атқарылуы керек. Осы орайда шетелдік және отандық инвесторларға қатысты ұстаным бірдей болуы қажет. Мемлекеттің қолдауына ие болған компанияларға тиісті талап қойылуы керек. Олар жұмыс орындарын сақтауға, өндірісті жаңғыртуға тиіс. Сонымен бірге экология талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті, деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

14.04.2025

Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

12.04.2025

Жер саясаты және инвестиция: Ұлттық мүддені кім қорғайды?

11.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025
MalimBlocks
Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті

Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

Арыстанбек Әбілқайырұлы бұл туралы не дейді?

Жер саясаты және инвестиция: Ұлттық мүддені кім қорғайды?

Өзгерістер 20 сәуірден бастап күшіне енбек

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды