«Целинный»: Боранбаевты тергеуді ашық әрі әділ өткізуді сұраймыз

«Целинный» мәдениет орталығы 16 наурызда экс-президенттің құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қолдап Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Хат авторлары Боранбаевты Қазақстан мәдениеті, спорты мен әлеуметтік өміріне үлес қосқан адам деп бағалаған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 17.03.2022

«Орталықты қазақстандық меценат әрі кәсіпкер Қайрат Боранбаев құрған. Біз еліміздің интеллектуалды мұрасын дамыту үшін дарынды адамдардың басын қосып, түрлі мәдени шаралар өткіземіз. Бәріміз білетіндей бұл іс тек филантроп тұлғалардың қолдауы арқасында дамиды. Сондықтан біз Қайрат Боранбаев сынды еліміздің мәдениеті мен спортын дамытып, әлеуметтік салаға қолдау көрсеткен адамға қатысты тергеу жұмыстарын ашық әрі әділ өткізуді сұраймыз», - делінген хатта.

Айта кетейік, осыған дейін ешбір орган Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратпаған. Оған нақты қандай айып тағылғаны да жария болған жоқ. Бұл хат кәсіпкердің ұсталғанын дәлелдейтін алғашқы жазба.

Оқи отырыңыз: Болат Назарбаев майнер екен

15 наурызда БАҚ өкілдері кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан. Ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы болған. Ол Forbes Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізімінде бар.

14 наурызда тұңғыш президенттің тікелей туыстары қатарынан алғаш рет Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынған.

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты