Экс-министрді қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Malim Админ

  • 05.03.2025

Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы Марат Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімі 10 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Orda.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz.

Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы «Курсив» басылымына Бас прокуратура хабарлады.

Бұған дейін Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған болатын. Соңғы рет ол 21 ақпанға дейін белгіленген еді. Жалпы алғанда, экс-шенеунік қамауда бір жарым жылға жуық уақыт отыр. Енді тағы да 10 наурызға дейін министр қамауда болады.

Тергеу ісі жайлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Марат Бекетаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Тергеу болжамы бойынша, ол белгілі бір компанияның мүддесін заңсыз ілгерілетіп, жыл сайын мемлекеттік тапсырыс негізінде қажеттілігі дәлелденбеген қызметтерді көрсету жөнінде келісімшарттар жасаған. Соның салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде шығын келген.

Мансабы және даулы оқиғалар

46 жастағы Марат Бекетаев – Шымкент тумасы. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдап, кейін Лондон экономика және саясат мектебінде халықаралық бизнес құқығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Карьерасының басында Бекетаев Сыртқы істер министрлігінде, Президент әкімшілігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2016 жылы Әділет министрлігінің басшысы болып тағайындалып, бұл қызметте алты жыл жұмыс істеді.

Бұған дейін де оның басы бірнеше рет дауға қалды. 2009 жылы жол полициясы Бекетаевты көлікті мас күйінде жүргізді деп айыптады, бірақ сот оны ақтады. Сондай-ақ ол әділет министрі болып тұрған кезінде Қазақстан үкіметі мен молдавиялық кәсіпкер Анатол Стати арасындағы халықаралық сот процесіне қатысып, ұзаққа созылған құқықтық тартыстың негізгі фигураларының бірі болды. Сонымен қатар, заңгерлер тарапынан оның басшылығымен әзірленген адвокаттық қызмет туралы заң жобасы қатты сынға ұшырады. Мамандар бұл құжат адвокаттардың тәуелсіздігін шектейді деп есептеді.

2022 жылдың қаңтарында Марат Бекетаев әділет министрі қызметінен кетіп, премьер-министрдің кеңесшісі болды. Бірақ сол жылдың желтоқсанында бұл қызметтен де босатылды.

Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Әзірге іс бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Ресми органдар тергеу барысын бақылауда ұстап отырғанын мәлімдегенімен, экс-министрге тағылған айыптың толық мазмұны ашық жарияланған жоқ.

Байланысты жаналықтар

Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

16.05.2025

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

21.04.2025

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

19.03.2025

Президентке әділетті қоғам қалыптастыру шаралары туралы мәлімет берілді

20.01.2025

Жаңа Әділет министрі – Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев

09.01.2025

Қазақстанда бір сотталушыға күніне қанша ақша жұмсалады?

18.07.2024
MalimBlocks
Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

2023 жылы елімізде 124 мың жұптың некесі қиылған.

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды

Президентке әділетті қоғам қалыптастыру шаралары туралы мәлімет берілді

Жаңа Әділет министрі – Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев

Қазақстанда бір сотталушыға күніне қанша ақша жұмсалады?

Тергеу изоляторларында қазір 7 мыңнан астам адам қамауда отыр