Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды

Malim Админ

  • 19.03.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Астанада өткен брифингте Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Бекетаев пен басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемде жымқыру, алаяқтық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу деректері бойынша тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды", – деді Биғайдаров.

Еске салайық, Марат Бекетаев 2023 жылғы қазанда ұсталған болатын. Былтыр Астана соты экс-министрдің қамауда ұстау мерзімін ұзартқанын хабарлаған еді.

Марат Бекетаевқа қатысты не белгілі?

Қазақ мемлекеттік заң институты заңгер мамандығы бойынша тәмамдады (1998). Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (2000).

  • 2001-2002 — Алматы қаласындағы Британ Кеңесінің құқықтық мәселелер жөніндегі консультанты, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі департаменті" РМК-ның сектор меңгерушісі;
  • 2002-2003 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқармасы" ЖАҚ бастығы ;
  • 2003-2004 — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бөлім бастығы, басқарма бастығы, кеңесшісі;
  • 2004 — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығы директорының орынбасары;
  • 2004-2006 — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту Еуразиялық орталығы" РМҚК директорының орынбасары, директоры;
  • 2006-2007 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;
  • 2007 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшіс;
  • 06.2007-04.2010 — Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі;
  • 04.2010-12.2015 — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы;
  • 11.12.2015-13.09.2016 — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары;
  • 13.09.2016-11.01.2022 — Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

2022 жылдың қаңтарынан — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Қазақстанда қанша генерал бар?

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады