Франция Президенті Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды

Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен Париж қаласында кездескен Эмманюэль Макрон Х әлеуметтік желісінде қазақ тілінде мәтін жариялады, деп хабарлады Malim.kz.
«Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Фрнацияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз», – делінген жазбада.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Президенті мен Француз Республикасы Президентінің Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту туралы бірлескен декларация қабылдады.
Фото: Ақорда

Ең көп оқылған
