Ғалымжан Қойшыбаев - Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы

Былтыр 11 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

Malim Админ

  • 04.01.2023

Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды. 

Қойшыбаев1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететінің түлегі.

 

1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып қызмет еткен.

2004 жылы — Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған. 2004–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

 

2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.

 

2008–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

 

2012–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

 

2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

Байланысты жаналықтар

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

08.06.2023

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

01.03.2023

Үнемшіл Үкіметбасы!  Мектепке керек бейнебақылау сайлауға керек емес...

15.02.2023

Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына тағайындалды

04.01.2023

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы ауысты

04.01.2023

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарады

04.01.2023
MalimBlocks
Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

Әлеуметтік төлемдер мөлшері қазіргі инфляциядан екі есеге төмендігі ашық сыналған еді  

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланған жоқ

Үнемшіл Үкіметбасы!  Мектепке керек бейнебақылау сайлауға керек емес...

Шенеуніктер ұсынысы орындалмады

Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына тағайындалды

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы ауысты

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарады

Оралов бұған дейін 10 ай Amanat партиясының Атқарушы хатшысы болған.