Геральдикалық зерттеулер орталығына жаңа басшы тағайындалды

Мәдениет саласындағы бірқатар ұйымдардың басшылары ауысты

Malim Админ

  • 06.04.2022

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Асылбек Баяжұманы «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры қызметіне тағайындады. Бұл туралы аталған министрліктің ресми сайты жариялады.

Асылбек Баяжұма – 1978 жылы 25 желтоқсанда Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Көкшетау университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Ақмола облысының ішкі саясат саласында қызмет істеген, 2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің жиынтық талдау және жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған. 

Еске сала кетейік, өткен жылы ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысына сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті жанынан «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ашылған болатын.  Құрылғанына бір жыл болған орталық еліміздің мемлекеттік рәміздері мен ұлттық тарихи таңбаларды зерттейтін маңызды орындардың бірі.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен мәдениет саласындағы бірқатар бағынысты ұйымдардың басшылары тағайындалды. Экс-министр Ақтоты Райымқұлова «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы»  РМҚК директоры қызметіне, Әнші Жеңіс Сейдоллаұлы «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры қызметіне, Гүлайым Жұмабекова «Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директоры қызметіне және Зура Жұмахметова «О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады