HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады
Human Rights Watch ұйымы Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі есебін жариялады
Human Rights Watch (HRW) Халықаралық құқық қорғаушы ұйымы Қазақстандағы адам құқықтары жағдайы туралы есебін ұсынды. Ұйымның 2024 жылғы қорытындысы бойынша жарияланған түйіндемесінде 2023 жыл бойынша елдерге қатысты есептер келтірілген. Бұл туралы КазТАГ агенттігі жазды.
Есепте Қазақстан билігінің 2023 жылы адам құқықтарының тұрақты бұзылуына қарсы нақты шара қабылдамағаны және өткендегі қиянаттар үшін жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етпегені айтылады.
2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда өткен үкіметке қарсы наразылықтардан екі жыл өткен соң, тек бірнеше лауазымды тұлға ғана бейбіт шеру қатысушыларын күшпен басып-жаныштау, заңсыз тұтқындау, түрмеге жабу, азаптау және қамаудағыларға зорлық-зомбылық көрсету сияқты қылмыстар үшін жауапқа тартылды, делінген HRW есебінде.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың басында журналистерге жасалған шабуылдардың саны артты, ал билік үкіметке сын айтушылар мен белсенділерге қарсы қатаң қылмыстық айыптауларды қолдануды жалғастырды.
Заң жүзінде де, іс жүзінде де бейбіт шеру өткізу, сөз бостандығы және діни сеніміне еркіндік беру құқықтарына қатаң шектеулер жалғасын тапты. Әйелдерді қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа заңдар отбасылық зорлық-зомбылықты жеке қылмыстық әрекет ретінде қарастырып, жауапкершілікке тарту мүмкіндігін бермеді, деп қосады есеп авторлары.
Сонымен қатар, 2023 жылдың ақпанында Қазақстан Балалар құқықтары туралы Конвенцияның Үшінші Қосымша хаттамасына қол қойғаны айтылған.
19 наурызда Қазақстанда парламенттік сайлау өтті, бірақ олар демократиялық стандарттарға сәйкес келмеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау миссиясы Қазақстанның сайлау бәсекелестігін арттыруға бағытталған заңдық өзгерістер қабылдағанын атап өтті, бірақ «маңызды процестік заңсыздықтар» орын алғанын да ескертті. Оппозициялық партиялар мен ұйымдарды тіркеу елеулі кедергілерге тап болды, деп хабарлады халықаралық құқық қорғаушылар.
Есепте 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына жүргізілген тергеудің біржақты болғаны және 1200-ден астам адамға айыптау үкімдері шығарылғаны атап көрсетілген, ал құқық қорғау органдарының ондаған қызметкерлері ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны айтылған.
Құжатта «азаптау және зорлық-зомбылық көрсетуге жауапкершіліктің жоқтығы әлі де сақталып отыр» деген мәлімдеме жасалған.
2023 жылдың қаңтарында құқық қорғаушы ұйымдар билік 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалардан кейін қамауға алынған азаматтарды азаптап, оларға зорлық-зомбылық көрсетті, соның ішінде соққыға жығып, үтік басу электр тоғын қолдану және зорлық-зомбылықтың басқа түрлерін атап өтті. Құқық қорғаушы топтар балаларға қатысты азаптау мен зорлық-зомбылықтың 13 оқиғасын тіркеді. Азаптау бойынша сот процестері барысында кем дегенде 23 полиция қызметкері сотталды, бірақ көптеген басқа азаптау істері «дәлелдер жеткіліксіз» деген себеппен жабылды, деп қосады HRW.
Есептің бір бөлігі билікке қарсы тұрып, оны сынаған тұлғаларға арналған, олардың арасында саясаткерлер Жанболат Мамай мен Айгерім Тілеужан да бар, олар аталған кезеңде сотталды.
Сонымен қатар, «Қазақстан билігі қарапайым белсенділер мен саяси оппозиция мүшелерін «экстремистік» топтардың мүшесі деп айыптап, қылмыстық жауапкершілікке тартуды жалғастыруда» деп атап өтілген.
«Мамыр айында полиция Марат Жыланбаевты, «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық тобының жетекшісін осы айыптау бойынша және «экстремистік» қызметті қаржыландырды деп айыптап, Жыланбаевтың Астанада заңсыз наразылық шарасын ұйымдастырғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауда ұстады, делінген есепте.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, бейбіт жиындар өткізу құқығы әлі де қатаң шектеліп, полицияның айрықша бақылайды.
Сонымен қатар, құқық қорғаушылар журналистерді қудалау мен құқықтарын бұзу бойынша бірнеше мысал келтірді.
2023 жылдың шілде айында Қазақстанда БАҚ туралы жаңа заң қабылданды, онда «жалған ақпарат тарату» үшін айыппұл салу қарастырылған, бұл тұжырым тым кең және сөз бостандығына қауіп төндіреді, деп атап өтті HRW.
Есепте Қазақстанда «жұмысшылардың тәуелсіз кәсіподақтар құрып, тіркеуден өтуге тырысуына кедергі жасалатыны», сондай-ақ елдегі адам құқықтары саласындағы басқа өзекті мәселелер талқыланған.
Фото: әлеуметтік желідегі парақшаларынан