Кабул тұрғынымен сұхбат. "Талибандар сөз түсінбейді, бірден оқ атады"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 17.08.2021

Соңғы бірнеше айдан бері Ауғанстан мәселесі әлем назарын өзіне аудартты. АҚШ аймақтан әскерін шығарғаннан кейін, елді «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда террорлық ұйым деп танылған) толықтай бақылауына алды. Күні кеше Кабул қаласы тәліптердің қолына өтті. Әлемдік БАҚ Ауғанстанда хаос болып жатқанын жарыса жазуда. Мәселенің мән-жайын білу мақсатында Кабул қаласының тұрғыны А. Х (аты-жөні қауіпсіздігі үшін көрсетілмеді - ред) тілдестік.

«ХАЛЫҚТЫҢ БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН ҮМІТІ ЖОҚ»

А. Х халық тәліптердің келгеніне разы емес екенін айтады. Оның сөзінше, мүмкіндігі барлар жаппай көшіп жатыр.

- Қазір Кабул өте қауіпті. Халық тәліптердің келгеніне разы емес. Талибан күшпен, мылтықпен келді. Сол себепті халық оларға қарсы шыға алмайды. Қазір кімде мүмкіндік бар, сол елден қашып жатыр. Әуежайға бір ұшақ қонса, барлық халық соған барады. Онда орын болмаса, дөңгелегіне жабысады. Олар өлетінін біледі. Бірақ Талибанның қолынан өлгенше, осылай өлгенді таңдауда. Қазір халықтың болашаққа деген үміті жоқ. Талибан халықтың қолында бар машина, мылтық бәрін жинап алып кетіп жатыр, - дейді А.Х.

Х ауруханалар жұмыс істемейтінін, қазір ауыр жарақат алған адамды үйінде емдеп жатқанын айтады.

-Қазір ауыр жарақат алған кісі менің үйімде тұрып жатыр. Алдында ауруханаға барғанбыз, бірақ онда ешкім жоқ болып шықты. Дәрігерлердің барлығы қашып кеткен. Енді қорқып, тығылып қайтадан апарамыз, - дейді А.Х.  

«ТАЛИБАН СӨЗБЕН ЕМЕС, ОҚПЕН СӨЙЛЕСЕДІ»

А. Х сөзінше, қазір Ауғанстан ұлт-ұлтқа бөлініп, бір-біріне қарсы шығуда. Бірақ билік пуштундардың қолында дейді ол.

-Қазір ұлт-ұлтқа бөлініп бір-біріне қарсы. Мысалы, өзбектер пуштундарға, пуштундар тәжіктерге қарсы. Қазір билік пуштундардың қолдында. Өткен президент те пуштун болған. Ол мемлекетті сатты да кетті. Билікте отырғандардың барлығы пуштун болды. Қазір халық үйінен шыға алмай, тығылып жатыр. Талибан сөзбен ұғыспайды, оқпен ұқтырады, - дейді Х.

«ТӘЛІПТЕР ХАЛЫҚТЫ ӘУЕЖАЙҒА ЖІБЕРМЕЙ ЖАТЫР»

Х әуежайға барғысы келген халықты Талибан ұрып-соғып өткізбей жатқанын айтады. Оның пікірінше, тәліптер ешқандай сөзге келмей халыққа қарсы оқ атудан да тайсалмауда.

-Қарапайым халық кетеміз деп әуежайға барайын десе, талибандар оларды өткізбей мылтықпен ұруда. Кеше 10-15 адам осылай жарақат алды. Мен өзім барған жоқпын. Қазір тәліптер халықты әуежайға жібермей жатыр. Талибандар сөз түсінбейді, бірден оқ атады... Бір күн бұрын 3 мың америкалық келген. Қазір әуежай солардың қорғауында. Халық қайда барарын білмейді. Мына жақтан Талибан ұрады-соғады, ана жаққа барса ұшаққа алмайды, - дейді А.Х.

«ТҮРКИЯ МЕН АҚШ ЕЛШІЛІГІ ӘУЕЖАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР»

А Х Кабулда елшіліктер жұмыстарын тоқтатқанын, тек қана Түркия мен АҚШ елшілігі әуежай аумағында жұмыс істеп тұрғанын айтады.

-Түркия әскері әуежайды қорғайды деген келісім болған еді. Бірақ Талибан оған қарсы шыққан. Олар «егер Түркияның әскері келсе, біз оларға қарсы соғысамыз» деген. Қазір Талибанды Пәкістан қолдап отыр. Оны халық біледі. Мүмкіндік болса халық Тәжікстанға, Өзбекстанға кетіп қалуға дайын отыр. Ол жақтың халқы қабылдаса әрине, - дейді А. Х.

«ТАЛИБАНҒА ҚАРСЫ ТҰРҒАН ЖАЛҒЫЗ ҚАЛА ПАНШЕР ҒАНА»

А. Х сөзінше, президент Ашраф Ғани бүкіл елді Талибанға беріп кетіп қалған. Бірақ бұл халық тәліптерге қарсы емес дегенді білдірмейді. Қазір Талибанға жалғыз Паншер қаласы қарсы шығуда.

- Президент қалалардың барлығын Талибандарға тастап кете берді. Бірақ бұл халық тәліптерге қарсы емес дегенді білдірмейді. Қазір Паншер өз бұйырығымен тұр. Ол жерде президенттің бірінші орынбасары отыр. Паншер халқы «егер келісім болмаса, біз бұлармен соғысамыз» дейді. 20 жыл бұрын соғыс болғанда Ахмад Шах Масуд деген кісі болған. Ол кезде де Паншер Талибанға қарсы шыққан, - дейді А. Х.

АҚШ пен шетелдік коалиция әскері Ауғанстаннан шығарыланнан кейін бірнеше айдың ішінде Талибан ел аумағын өз бақылауына алды. Тамыздың 15-і күні тәліптер Кабул қаласына басып кірді.

АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстанға әскерін 2001 жылы Нью-Йорктегі лаңкестік шабуылдан кейін кіргізген. Сол уақытта биліктен кеткен Талибан қозғалысы осы күнге дейін партизан соғысын жүргізген. Қазір ауған халқы Талибан адам құқықғына шектеу қояды деп қауіптенеді. Қозғалыстың өзі халыққа ешқандай шектеу қоймайтынын мәлімдеген. Бірақ ел оған сенбейді.

Фотолар А.Х-дан алдынды.

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Түркиядағы зілзала құрбандары 38 мыңнан асты

17.02.2023

Түркияда тағы бір қазақстандық қаза тапты       

13.02.2023

Тонаушылардан қауіп төніп тұр. Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан кете ме?

13.02.2023

Түркиядағы қазақстандық:  «науқастардың қанын жуатын су жоқ»

13.02.2023

Түркияда жоғалған екі қазақстандықтың денесі табылды

10.02.2023
MalimBlocks
Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркиядағы зілзала құрбандары 38 мыңнан асты

4,7 мыңнан аса қайталанған жер сілкінісі болған

Түркияда тағы бір қазақстандық қаза тапты       

Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді

Тонаушылардан қауіп төніп тұр. Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан кете ме?

Көшелерде түрлі топ арасында қақтығыстар басталып, оқ атылған

Түркиядағы қазақстандық:  «науқастардың қанын жуатын су жоқ»

"Қанатымен су сепкен қарлығаштай..." Бұл сөзді Түркиядағы зілзала кезінде зардап шеккендерге түрлі көмек ұйымдастырып, жаралыларға жағдай жасауға тырысып жүрген отандасымыз Ләззат Мырзашқа қарата айтуға болады.

Түркияда жоғалған екі қазақстандықтың денесі табылды

Оларды біздің құтқарушылар үйінді астынан тапты