Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

FIBA - Халықаралық баскетбол федерациясы

Сұлу Бөлек

  • 24.04.2025

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Қазақстанға арнайы шақыртумен келген Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) бас хатшысы, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының үйлестіру комиссиясының мүшесі Андреас Заглиспен ресми кездесу өткізді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Кездесуге ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов қатысты. 

Жиында тараптар Қазақстанда және халықаралық деңгейде баскетбол спортын дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе ұлттық федерациялардың әлеуетін арттыруға бағытталған FIBA Plus бағдарламасының Қазақстанда жүзеге асырылу мүмкіндіктері сөз болды. Бұл бастама Қазақстан ұлттық баскетбол федерациясымен бірлесіп іске асырылмақ. 

Бұл кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық спорт ұйымдарымен байланысты күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясындағы маңызды қадам болып отыр. Президент Париж Олимпиадасы-2024 жүлдегерлерімен кездесуде спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік жарыстарды Қазақстанда өткізу міндетін қойған болатын. 

Осы мақсатта елімізде халықаралық спорт ұйымдарымен тұрақты және жүйелі диалог орнап жатыр. Қазақстанда Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд Әл-Шаммари, Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусаллам және Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының президенті Ненад Лалович сапарлап келді. Олар елдегі спорт инфрақұрылымымен танысып, Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылаған болатын. 

Енді Қазақстанға командалық, ойын спорт түрлерінің өкілдері де келе бастайды. Мәселен, осы күндері FIBA бас хатшысы Андреас Заглис Қазақстанға келсе, ал алдағы уақытта UEFA президенті Александр Чефериннің сапары жоспарланып отыр. 

Бұл еліміздің халықаралық спорт қоғамдастығымен байланысының тереңдеп келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан Үкіметі алдағы уақытта да осындай жоғары деңгейдегі келіссөздер арқылы Қазақстан спортының әлеуетін күшейтіп, әлемдік аренадағы беделін арттыруды жалғастыра береді.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізімі жарияланды

23.04.2025

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

23.04.2025

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

22.04.2025

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

21.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025
MalimBlocks
Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізімі жарияланды

Баскетболшы Майкл Джордан көш бастап тұр

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді,

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы