Ливанның жаңа президенті елде бейбітшілік орнататынын айтты

Malim Админ

  • 10.01.2025

Бейсенбіде Ливан армиясының бас қолбасшысы Жозеф Аун ел президенті болып сайланды. Инаугурациядағы сөзінде ол Ливан тарихында жаңа кезең басталатынын айтып, елде қару-жараққа мемлекеттік монополия орнатуға серт берді. Аун халықаралық қоғамдастықтың сенімін ақтайтынын, экономиканы қалпына келтіру үшін қажетті реформаларды жүргізуге уәде берді. Бұл туралы «Америка дауысы» жазды.

Ол сондай-ақ Израильмен бітімге келу және Ливан мемлекетінің қару монополиясын қорғау үшін жұмыс істейтінін айтты. Аун араб елдерімен және Сириямен қатынастарды жақсартуға ниетті екенін білдірді, сондай-ақ Ливанның әділет жүйесіне қарулы топтардың араласуға қарсы екенін, қылмыскерлер мен сыбайлас жемқорларды жазалауды міндетіне алғанын қосты.

Аун АҚШ пен Сауд Арабиясының қолдауына ие және 2017 жылдан бері Ливан армиясының бас қолбасшысы қызметін атқарып келеді.

АҚШ-та террорлық ұйым ретінде танылған «Хезболла» партиясы Ливан еліндегі билік басқаруындағы позицияларын жоғалта бастады дейді сарапшылар. Ливан еліндегі бейбітшілік қалпына келсе, Таяу Шығыстағы күрделі ахуал азда болса жақсара түседі дейді.

Байланысты жаналықтар

Байден Израиль мен Ливандағы «Хезболланың» бітімге келгенін айтты

27.11.2024
MalimBlocks
Байден Израиль мен Ливандағы «Хезболланың» бітімге келгенін айтты

«Бұл соғыс қимылдарын біржолата тоқтату керек, – деді Байден. – Хезболла мен басқа да лаңкестік ұйымдардың қалдықтары бұдан былай Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндірмейді».