Мамин Жапон үкіметінен үлгі ала ма?

Malim Админ

  • 20.04.2020

Төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған елге бөлінген 42 500 теңгенің жыры бітер емес. Үкімет «бұл ақшаны заңсыз алғандарды жазалаймыз» деп кіжінгені есте. Енді бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ «ешкім де қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды» деп мәлімдеме жасады.

Осындайда Асқар МАМИН үкіметі Жапон Үкіметінен үлгі алса дейсің.

Жапонияның премьер-министрі Синдзо АБЭ айлығының 30 пайызы мен сыйақысын бюджетке қайтарпы берген. Ал қалған министрлер еңбекақыларының 20 пайызынан бас тартқан. Үкімет мүшелері халық коронавирустан табыссыз қалып жатқанда жалақыларының бір бөлігін мұқтаж жандарға аудармақ.

Синдзо Абэ ай сайын 3,3 млн иен алады (шамамен 30,5 мың АҚШ доллары). Премьер-министр 9,3 мың АҚШ долларын ел қазынасына аударып отыр. Жапонияның қатардағы министрі ай сайын 22,7 мың АҚШ долларын алады.

polit.ru сайтының жазуынша, күн шығыс елінің депутаттары да бұндай ізгі істен сырт қалмаған. 14 сәуір күні билік және оппозициялық партияның депутаттары қос палата депутаттарының айлығын 20 пайызға қысқарту туралы байламға келген. Осыған орай заң жобасы қабылданып, депутаттар бір жыл бойы жалақыларының 20 пайызын әлеуметтік салаға аудармақшы.

2011 жылы Жапонияның солтүстік-шығысындағы Хонсю аралында цунамиден «Фукусима-1» АЭС-да авария болған-ды. Сол кезде де үкімет мүшелері айлықтарының бір бөлігін халыққа берген.

Жапонияда 9,4 мың адам коронавирусты жұқтырып, 190 адам көз жұмды. 170 адам ауыр жағдайда.

Коллаж: malim.kz

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі