457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мәсімовтің інісіне іздеу жарияланды

Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. 

Оған Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылып отыр. Антикор хабарлауынша, Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.

Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ішкі істер министрлігімен бірлесіп тергеп жатыр.

Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланып, оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Нұрлан Мәсімов пен ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің әкелері бір-біріне аға-іні болып келеді.

Еске салсақ, 20 сәуірде сот Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы  басшысы Нұрлан Мәсімовті сырттай қамауға алуға санкция берген болатын. 

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған