Меланья Трамппен ажыраспақ

Malim Админ

  • 09.11.2020

Сайлауда жеңіліп, онысын мойындамай отырған АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Меланья жарының өкілеттігі біткен соң, ажырасуға өтініш беретіні жайында ақпарат тараған. Бұл ақпаратты Daily Mail  басылымына сілтеме беріп, Malim.kz  хабарлайды.

Ал Daily Mail басылымы АҚШ-тың бірінші ханымының бұрынғы көмекшілеріне сілтеме жасаған.

Ерлі-зайыпты Трамптар әлі күнге дейін ажыраспауының себебі, айырылысқан соң  Меланья Трампты қудалауы мүмкін болған.

«Меланья оның қызметтен кеткенін күтіп отыр. Кейін ол ажыраса алады. (...) Егер Меланья кемсітуге төтеп беріп, Трамп билікте болған кезде одан кетіп қалса, оны жазалаудың әдісін табар еді", - дейді басылымға бұрынғы көмекшілерінің бірі Маниголт-Ньюман.

Бірінші ханымның тағы бір бұрынғы көмекшісі Стефани Волкоффтың айтуынша, Трамптың Меланьяға үйленуі келісім негізінде болған. Тіпті, ерлі-зайыптылар бөлек бөлмеде ұйықтаған. Стефани Волкоффтың пікірінше, Бірінші ханым Нью-Йорктен Вашингтонға инаугурациядан кейін 5 айдан соң көшкен. Ол некеден кейінгі келісім туралы келіссөздерге байланысты болған. Себебі, президенттің ұлы Бэррон мұрадағы өз үлесін алуы керек болыпты.

Материалда Меланья Трамптың жұбайымен тамаша қарым-қатынасы туралы бірнеше рет айтылған. Алайда адвокат Кристина Приваттың пікірінше, Меланьяға күйеуін БАҚ-та неке шартының талаптары бойынша сынауға тыйым салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, Трамп екінші әйелі Марла Мейплспен де осындай келісімге келген. Оған бұрынғы әйелі туралы кітап жазуға немесе сұхбатында ол туралы жағымсыз пікір айтуға тыйым салыныпты.

2005 жылдың қаңтарында Дональд пен Меланья Трамп отбасын құрған, ал бір жылдан кейін олардың ұлы Бэррон дүниеге келген.

Меланья Твиттер парақшасында күйеуін қолдап: "Америка халқы әділетті сайлауға лайық. Әрбір заңды дауыс саналуы керек. Біз демократияны ашықтықпен қорғауымыз керек" деп жазған. 

Байланысты жаналықтар

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

07.11.2024

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

07.11.2024

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

20.10.2024

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

25.09.2024

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

23.09.2024

"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

11.09.2024
MalimBlocks
Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

Сайлау өткен соң Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Путин Американың ішкі ісіне нақты араласпаса да, оның тұрақсыздығын қалайтыны мәлім. Ол хаос пен үрейді ұнатады әрі соны «саудалағысы» келеді

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

Сайлауға небәрі екі аптадан астам уақыт қалды

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

Ол өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

Жексенбі күні АҚШ-тың бұрынғы президенті және биылғы кандидат Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңілісе, одан кейін президенттікке үміткер болмайтынын айтты.

"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

Бұл пікірталас - 5 қараша өтетін сайлаудың алдындағы маңызды сәт