Ноғаевтың бір орынбасары қызметінен кетті

  • 10.11.2021

Маңғыстау облысына Нұрлан Ноғаев әкім болып тағайындалғанына екі айдан асқанда орынбасары Нұрлыбай Аққұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Нұрлыбай Аққұловтың қызметінен өз еркімен кетуге шешім қабылдауына денсаулығы себеп болыпты. Соңғы он жыл ішінде ол Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары секілді жауапты қызметтерді атқарған.

Біраз уақыт мемлекеттік қызметтен тыс қалып,  2019 жылы президент сайлауынан кейін облыс әкімі ауысқанда Нұрлыбай Аққұлов орынбасарлыққа тағайындалды.

Жаңа әкім Нұрлан Ноғаев келгелі қызметінен кеткен шенеуніктер әзірге санаулы ғана. Бүгін Н.Аққұлов өз еркімен қызметінен кетсе, тура бір ай бұрын Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болған Серік Гусман да қызметімен қош айтысқан. Тағы бір жайт, Н.Ноғаев қазан айының соңында облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына Батыс Қазақстан облысынан жаңа басшы әкелген еді.

Одан басқа Маңғыстауда кадрлық ауыс-түйісте айтарлықтай өзгеріс жоқ. Соған қарағанда Нұрлан Ноғаев Серікбай Трұмовтан қалған командамен әзірге «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істей беретін сияқты.

Айтпақшы, өткенде «Нұр Отанның» кезекті жиынында Маңғыстау шенділерінің біразы Н. Ноғаевтан сөгіс естіген. Олардың қатарында өзінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев, Бейнеу және Қарақия аудандарының әкімі бар.

Нұрлан Ноғаевтың қыркүйектің басында ардагерлермен кездесуінде  кадрға қатысты айтқан сөзін ел ұмытпаған болар.

«Талапқа сай келмесе, онда (кадрларды) қозғаймын. Бірақ топырлатып ауыстырмаймын» деген еді Нұрлан Асқарұлы.

Нұрлыбай Аққұловтың күтпеген жерден денсаулығына байланысты қызметінен кетуінің астарында «Ноғаевтың талабына сай келмей қалды ма?» деген ой келеді.

Ал облыс әкімі орынбасарының бос тұрған лауазымына кімнің келетіні туралы айтылмады. Оған жергілікті кадр тағайындала ма, әлде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов секілді Оралдан келе ме, ол жағы әзірге белгісіз…

Әліби Ерқосай, Ақтау қаласы.

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

28.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

26.04.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді