Орыс газы қазақ пен өзбек газына қосылғысы келеді

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысын қолдап, үш жақты газ одағын құруды қолдады».

Руслан ЕРБОТА

  • 29.11.2022

Ресей басылымдары осылай деп ашық жазып жатыр.

Алайда, Интерфакс келтірген үзіндіде Қ.Тоқаевтың үш жақты газ одағын ашық қолдамаса да терістемегенін байқаймыз.

 «Түпкілікті шешім мен келісімге келу үшін мамандарымызды айтпағанда, бізге, маған да бұл тақырыпты жан-жақты қарастыруымыз керек», – деген Тоқаев. Яғни, газ одағын құру қосымша келісімді, тіпті келіссөзді керек етеді.  Бүгін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіге осы мәселеге қатысты төмендегідей жазба жариялады: «

Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды».

Яғни, Ресей Еуропаға жолы үзілген газын ендігі жерде Өзбекстан және Қазақстан арқылы өткізгісі келеді.

Бұған дейін  қазан айында Астанада «Орталық Азия + Ресей» саммитті өткен болатын. Бұл саммиттің дәл осындай форматта өту идеясы В. Путиннен шыққанын Қ. Тоқаев ашық айтқан.

Қазір әлем жетекшілері соғыстан кейінгі Ресейдің беталысы мен бағыты қандай боларын талқылап жатыр. Ресей басшылары да ендігі бағыттарын түсініп отырғандай. Бүгін-ертең Украинадағы соғыс аяқталғанымен Ресейге тағылған түрлі санкциялар бірден алынбайды. Еуропаға екпіндеп кірмек болып, терезесін жауып алған Ресей ендігі мүмкіндіктерін Орталық Азиядан іздейді. Қазақстан бұдан ұтыла ма, ұта ма? Негізі, мүмкіндіктер де бар, қауіп-қатер де аз емес. Бәрі біздегі биліктің біліктілігіне байланысты.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуден соң Парижді бетке алып, Франция президенті  Э. Макронмен кездеседі.

Бұл Қазақстан-Франция басшыларының кездесуі. Алайда, сарапшылардың бәрі Қ.Тоқаев В.Путин мен Еуропа басшылары арасындағы келіссөзшіге айналды деп жатыр. Бір қызығы, Тоқаевпен кездескен соң Франция басшысы АҚШ президенті Байденмен жолықпақ.

Қалай десек те, Путин Тоқаевтың жолын сарыла тосып отырғаны анық.

Ал газ одағына келсек, айта кететіні,  Қазақстан мен Ресей бұған дейін Еуразия экономика одағында және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында  бастарын түйістірген. Ал Өзбекстан бұл одақтарға қосылмаған.

Фото: АР/ТАСС

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады