Перуашев "Лас күлсалғыш" иегері

Malim Админ

  • 28.12.2020

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Темекі түтінінен еркін Қазақстан үшін!» ұлттық коалициясы «Ақ жол» партиясына – Азат Перуашев пен Кеңес Әбсатировке «Лас күлсалғыш» марапатын табыстайды.
Бұл марапат «Ақжол» партиясының төрағасы А. Перуашевке «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс әзірлеу кезінде темекіге қарсы ұстанымын ашық көрсетіп, темекі өнімдерін IQOS, GLO-ны темекімен теңестіруге тосқауыл қойғаны үшін, ал К,Әбсатировке темекі өнімдерін көзге түсетін ашық жерге орналастыруға тыйым салуды бұғаттағаны үшін берілді.
Ақжолдықтар трансұлттық корпорациялардың мүдделерін қолдауынан Ұлт денсаулығы кодексіне түзетулер енгізу бойынша Үкіметке екі рет қорытынды беруге тура келді. «Темекі лоббиінің» қысымымен алғашқыда сауда орындарында темекінің барлық түрлерін жарнамалауға тыйым салмау туралы шешім қабылданды. Алайда бұл шешім қайта қаралды, бұған Nur Otan, Мәжілістегі партияның фракциясы, Денсаулық сақтау министрлігі және сарапшылар қауымдастығы қолдаған Коалицияның табанды еңбегі себеп болды. Нәтижесінде темекі өнімдерінің жаңа түрлерін темекіге теңестіру толығымен қабылданды, ал темекі өнімдерін орналастыруға тыйым салу келесі жылдың шілдесінде күшіне енеді.
Коалиция темекіге қарсы нормаларды қорғауда Nur Otan партиясының және мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов, Ерсұлтан Бектұрғанов, Иван Клименко, Зәуреш Аманжолованың темекі өнімдерін сатуға тыйым салуды 18 жастан 21 жасқа дейін арттырғаны үшін және мәжіліс  спикері Нұрлан Нығматулиннің (снюс, насыбай және т.б.) толық тыйым салғаны үшін аса маңызды рөлін атап өтті.
Айта кетейік, «Лас күлсалғыш» табак лоббизмінің индикаторы халықаралық және қоғамдық практикада кеңінен қолданылады, ал Қазақстанда 2012 жылдан бері қолданыла бастады. Танымал антипремияның алғашқы номинанты Азат Перуашев темекі акциздерінен мемлекеттік бюджеттен жоғары кірісті бұғаттағаны үшін тағайындалған болатын, қазір ол өзінің мәртебесін 8 жылдан кейін қайта жаңартып отыр.
Енді Коалиция «Лас күлсалғыш» номинанттары туралы ақпаратты STOP-тың (https://exposetobacco.org/news/global-tobacco-index-2020/) танымал халықаралық алаңына ұсынады, ол темекі индустриясының темекіні бақылау жөніндегі мемлекеттік саясатқа араласуын елдердің тиісті индексін жариялау арқылы бақылайды. 2020 жылғы индекске сәйкес (https://globaltobaccoindex.org/country/KZ) Қазақстан 100-ден 63 ұпай «жинады». Бұл темекі лоббизмі қаупінің жоғары деңгейде екенін білдіреді.
www.nosmoke.kz   nosmoke_kaz@mail.kz  whats up +77012069974

Байланысты жаналықтар

Асқар Садықовтың депутаттық креслосына Перуашевтың орынбасары жайғаспақ

24.09.2024

«Ақ жолдың» ұстанғаны қай жол?! 

19.01.2023

«Ақ жол»: Жасырын дауыспен Тоқаев жеңді

06.10.2022

Жоқ оппозицияны парламентке қайдан таппақ?

06.05.2020
MalimBlocks
Асқар Садықовтың депутаттық креслосына Перуашевтың орынбасары жайғаспақ

«Ақ жол» партиясының бұрынғы мәжілісшісі мандатынан айрылған болатын

«Ақ жолдың» ұстанғаны қай жол?! 

Азамат Әбілдаевтың мәселесі бүгін арнайы кеңесте қаралады

«Ақ жол»: Жасырын дауыспен Тоқаев жеңді

Президент сайлауы қарсаңындағы комедиялық қойылымдар басталып кетті

Жоқ оппозицияны парламентке қайдан таппақ?