Президент бірнеше мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Арман Қайыпхан

  • 01.11.2024

«Ақорда» резиденциясында төрт мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшілерінің, сондай-ақ Еуропа Одағы өкілдігі басшысының Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысына Франция елшісі Сильван Гиоге, Еуропа Одағының елшісі Алешка Симкич, Финляндия елшісі Янне Хейсканен, Канада елшісі Кристофер Дагган, Бразилия елшісі Марсель Фортуна Биато сенім грамоталарын тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілермен жүздесу барысында Қазақстан  бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін әрі халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді