«Қаңтар оқиғасында" шерушілерге оқ ату – бәрі заңды
19 қызметкердің қаза болғанына өкінетін ішкі істер министрі шерушілерге оқ ату заң жүзінде іске асты деп отыр.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Қаңтар оқиғасы» кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің қару қолдануға мәжбүр болды, бәрі заң аясында жүргізілді дейді. Ол бұл туралы Мәжіліс отырысында жасаған баяндамасында айтты.
"Қаңтар оқиғасы" жайлы баяндамасында ішкі істер министрі 19 ішкі істер қызметкерінің қаза тапқанына өкінетінін, наразылық акциялары кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізгенмен, арандатушылардың кесірінен заңсыздықтарға жол берілген. Ол тіпті, ел көтергер мәселелерге нақты шешімдер ұсынылғанын да айтты.
«Өкінішке орай, 19 қызметкер қаза тапты, 3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші жараланды. Біразы денсаулықтарына байланысты болашақта қызметтерін жалғастыра алмайды. Көптеген қызметкерлер әлі емделіп жатыр. Қызметкерлер төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды. Бұл ретте, қару қолдану "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 61-бабына сәйкес іске асырылды, - дейді Ахметжанов.
Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза болған. Ресми жалпылама ақпарат шыққанмен, олардың аты-жөндері әлі аталған жоқ. Билік мұны тергеу, тексеру амалдарның аяқталмауымен түсіндіріп жүр. Ал, қаза болған 19 полиция қызметкерінің тізімі шығып, бірқатары марапаттарға да ұсынылған.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс атқарды?
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады. Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу мәртебелі оқырман құзырында.
Тайны дела Бишимбаева
В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.