Қашқындағы Бергейдің баласы басшылыққа тағайындалды

Елнұр Бақытқызы

  • 17.05.2021

Атырау облысының бұрынғы әкімі  Бергей Рысқалиевтің ұлы Аслан Рысқали жақында Лондонда орналасқан Kennington Green Management limited компаниясының директоры болып тағайындалды. Компания бизнес және басқару саласындағы кеңес беру, менеджмент саласында кеңес беру қызметін көрсетеді. 31 жастағы Аслан Рысқалиді директор етіп тағайындау туралы бұйрық 8 мамыр күні шыққан.

Аслан Рысқалиді тағайындау туралы мәлімдемеде оның Ұлыбритания азаматы, ал мамандығы ғимараттарды салушы деп көрсетілген.

Kennington Green Management limited компаниясы 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Аслан Рысқалиден басқа компанияның тағы төрт директоры бар. Компания құжаттарына қарағанда, Kennington Green Management limited-ке төрт адам иелік етеді, директорлардың акционерлерге қатысы жоқ.

Лондонның ортасында орналасақан Kennington Green Management limited тек әкімшілік және ғимаратты ұстауға жылына 31 мың фунт стерлинг (44 мың доллар) жұмсайды.

Malim.kz бұған дейін Аслан Рысқалидің Ұлыбитанияда бірнеше компаниясы бар екенін жазған.  Атап айтқанда, 2020 жылы құрылған Native Plot limited компаниясына Аслан Рысқали қарындасы Әсел Рысқалимен бірге иелік етеді. Құжаттарда компания "басқа еш жерде классификацияланбаған қызмет көрсетеді" делінген.

Аслан Рысқалидің тағы бір компаниясы MBIL Developments Limited 2021 жылдың 11 қаңтарында тіркелген. Ашық дерек көздегі мәліметке қарағанда, бұл девелоперлік саладағы компания. MBIL Developments Limited құрылыс жобаларын дамытады. Девелоперлік команиялар құрылыс нысандарын жөндеу, реконструкциялау, құрылыс идеяларын іске асыру, нысандардың нарықтағы бағасын өсіру тәрізді қызмет көрсетеді.

Ал Рысқалиге тиесілі үшінші компания MBIL UK limited 2020 жылдың 21 желтоқсанында тіркелген. Ашық деректерге қарағанда, компания "классификацияларда аталмаған басқа қызмет" көрсетеді. 

Осылайша Бергей Рысқалиевтің ұлы өз бизнесін жүргізуден бөлек басқа компанияға жұмысқа орналасты.

Бұған дейін Ras Aitamyn Telegram-арнасы Аслан Рысқалидің Ұлыбританиядағы өмірі, сүйікті қызы болған танымал блогермен әлем елдерін аралаған саяхаттары мен компаниясы туралы мәліметті жариялаған болатын. Бір кездері әлеуметтік желіде өте белсенді болған, Youtube-те влогтар жариялап жүрген Аслан Рысқали бір жарым жылдан бері әлеуметтік желіден қол үзген.

2020 жылдың маусым айында Қазақстанның жоғарғы соты Бергей Рысқалиев пен оның жақындарына тәркіленген дүние-мүліктің бір бөлігін қайтарып берген. Рысқалиев пен оның жақындарына дүние-мүлікті қайтару туралы кассациялық шағымды жоғарғы сотқа бас прокуратура түсірген болатын.

Ratel.kz басылымы бас прокуратура Бергей Рысқалиевке төрт ЖШС-дағы үлесін, Нұр-Сұлтан, Атырау және Ақтөбедегі үш жер учаскесін, Атыраудағы үйді, сондай-ақ, Алматыдағы жерасты гараждарын қайтаруды және Андорра князьдігіндегі 13 миллион 602 мың АҚШ доллар сомасындағы банк шоттарына салынған тыйымды жоюды сұраған.

Ал Аманжан Рысқалиевке Атыраудағы жер учаскелері мен Ақтөбедегі үйлерді, сонымен қатар, екі ЖШС-дегі үлесін, Бергей Рысқалиевтың әйеліне  Атыраудағы бірнеше тұрғын емес үй-жайды, сонымен қатар бірнеше ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлестің жартысын, Аманжан Рысқалиевтің әйеліне  Атырау қаласының орталығындағы 2 пәтер мен жер учаскелерін қайтаруды сұраған.

Жоғарғы сот бас прокуратураның шағымы бойынша оң шешім шығарғанымен, бұл туралы ресми мәлімдеме жасамады.

Атырау облысының экс-әкіміне 2013 жылы  "аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды және және қылмыстық топ құрды" деген айып тағылған. Тергеу бес жыл жүрді. 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті 17 жылға, оның ағасы Арманжан Рысқалиевті 16 жылға сырттай соттап, дүние-мүліктерін тәркілеген.

Материалды көшіріп басуға болмайды.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады