Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президентінің арнайы өкілін қабылдады

Malim Админ

  • 26.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өкілге ілтипат білдіре отырып, Руанда Президенті Поль Кагамеге сәлемін жолдады. Мемлекет басшысы Руанда тарапының Қазақстанмен көпжоспарлы серіктестікті нығайтуға ықылас танытып отырғанына ризашылық білдірді. 

Президент Африка елдерімен ықпалдастықтың қарқынында оң динамика бар екенін атап өтіп, Руандамен арадағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастың көкжиегін одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда Мемлекет басшысы жуырда қол қойылған Қазақстан мен Руанда арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімді жоғары бағалады. 

Жан Поль Ньирубутама қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бүгінде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Фото: Ақорда
 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

03.12.2024

Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады

29.11.2024

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

28.11.2024

Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыс мектептері ашылады

27.11.2024

Тоқаев мемқызметкерлерді тапсырмаларды орындамаған жағдайда жазалайтын норманы бекітті

27.11.2024

Президент Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

23.11.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан президенті One Water саммитіне қатысады

Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті

Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыс мектептері ашылады

Путин Тоқаевқа орыс тілін қорғап, халықаралық ұйым құрғанына алғыс айтты

Тоқаев мемқызметкерлерді тапсырмаларды орындамаған жағдайда жазалайтын норманы бекітті

Олар міндеттерін бұзғаны, Президенттің немесе президент Әкімшілігінің тапсырмаларын орындамағаны, өкілеттігін асыра пайдаланғаны, тәртіп пен әдепті сақтамағаны үшін жазалануы мүмкін

Президент Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

Концертте белгілі әншілер өнер көрсетті