Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына қатысады

Дина Шайхислам есімді қазақ қызы АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Дина Шайхислам – Назарбаев университетінің түлегі, саяси кеңесші, Childrens Development Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы.
Оған есімі жазылған арнайы шақырту келген. Ал бұл шақыртуды конгрессмен Коннели жіберіпті. Хаттан бөлек, сол күнгі инаугурация бағдарламасы, партияның тарихы, Трамптың суреттері бар.
Бүгін мен президент Трамп пен вице-президент Вэнстің инаугурациясына инаугурациясына ресми шақыру алдым, деді ол.
Айта кетейік, 2024 жылы Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды.
Бұл – елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау еді.
2025 жылы 20 қаңтарда АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясы өтеді.
Фото: nu.edu.kz
MalimBlocks

АҚШ Президенті инаугурациясының тарихы – қызықты деректер
Уильям Гаррисон АҚШ тарихындағы 8445 сөзден тұратын ең ұзақ инаугурациялық сөзді айтқан президент (ең қысқа сөз Вашингтонның 1793 жылғы сөзінде – 133 сөз), бұл екі сағатқа созылған. Нәтижесінде Гаррисон суықтап, ауырып, 4 сәуірде пневмониядан қайтыс болды. Екі күннен кейін Джон Тайлер ант беріп, президенттік қызметке кірісті