Қазақстанда жаңа партия құрылмақ

Алмас НҮСІП

  • 01.06.2020

Қазақстанда жаңа партия құрылмақ. Қазір үкіметтен рұқсат алу үшін қол жинауға кіріскен. Бұл туралы Malim.kz сайты Kaztag.kz-ке сілтеме жасап, хабарлайды.

Партияның құрылуына бастамашы болған - шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген, тіркелмеген көлік иелерінің сөзін сөйлеп жүрген белсенділер. Жыл басында Армения, Қырғызстан, Ресей сияқты елдерден әкелінген көліктердің жүруіне тыйым салынады деп, одан шу болып, Қазақстанның әр өңірінде бірнеше наразылық өткен соң, олардың жүріп-тұруына бір жыл уақыт берген. Бұл, әрине, мәселені уақытша ғана шешеді. Сондықтан, автомобилистер партия құрып, Қазақстандағы 200 мыңға тарта «сары» нөмірмен жүрген көлік иелерінің құқығын қорғамақ. Партия тек осы көлік иелері үшін ғана құрылмайды, бұл қазақстандық көлік иелерінің барлығының сөзін сөйлеп, жол, көлік мәселесіне қатысты барлық мәселеге араласпақ..

«ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктердің иелері Қазақстанның барлық автомобилистері үшін партия құруды қолға алды. Партия жол сапасы, жолдағы сервистер, айыппұлдар, салықтар, көлік бағалары, баға белгілеу бойынша мәселелер көтереді. Бізде көлік бағасы өзге елдерге қарағанда неге қымбат? – дейді партия құрушы топтың мүшесі Сүлеймен АХМЕТОВ.

Қазақстанның автомобилистері партиясын құрушылар қол жинауға кіріскен. Олар қол жинаудан көп қиналмаймыз деп отыр. Өйткені, Қазақстанда шетелдік нөмірмен жүрген көліктер жетерлік, солардың қай-қайсысы да үкіметтің былтырғы шешіміне риза емес, демек партияның құрылуына мүдделі. Бастамашы топ та негізгі қолдауды осыдан күтіп отырған сияқты.

«Соңғы төрт айда біз қол жинап жатырмыз. Партияның жарғылары мен бағдарламасын жасаймыз. Біз үкіметтік емес ұйым емес, партия құрайық деп шештік, өйткені біз өте көппіз, қазір біз сияқты шетелдік нөмірмен жүргендер саны 200 мыңның көлемінде, - дейді белсенді.

Бұл партия парламенттік сайлауға қатыса ма, жоқ па деген сұраққа белсенділер партияның саяси мәселелермен емес, экономикалық мәселелермен айналысатынын айтып, жалпылама жауап берді. Саяси жүйенің өзгеруін, биліктің ауысуын талап ететін оппозициялық күш те болмаймыз дейді.

Айта кету керек, 50 шақты автомобилист белсенді бүгін елордадағы мамандандырылған ХҚКО алдына жиналып, өздерінің алғашқы жиынын өткізді. Бұл жиынға тек белсенділер ғана емес, қалалық ПД өкілдері де қатысты. ПД өкілдері белсенділерге партия емес, одақ құруды ұсынды.

Екі жақ ары тарт, бері тартпен екі сағаттай тұрған соң, құзырлы орган өкілдері автомобилистердің барлық талап-тілектерін жазып алып, «жоғарғы жаққа көрсетуге кетті».

Бұған дейін шетелдік нөмірмен жүретін көліктерді Қазақстанға тіркемесе оларды жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мүмкін емес екенін айтқан билік оларды Қазақстанға тіркеу, олай болмаған жағдайда белгіленген уақыт аралығында Қазақстан шегінен шығарып тастау туралы бастама көтерген. Ал оны Қазақстанға тіркеу құны өте қымбат (1,3 млн теңгеден асып жығылады).

Заңға сәйкес, партия құру үшін бастамашы топ 20 мың қол жинау керек.

Байланысты жаналықтар

Бір жылда жаңа партияны тіркеу бойынша  17 өтініш түскен

14.03.2024

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023

Сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

11.01.2021

Сайлау күні сауалнама жүргізуге бола ма?

14.12.2020

Рысбек Сәрсенбайұлы: Сайлау кейінге қалуы керек

28.10.2020

Дариға сайлаудан кейін саясатқа оралуы мүмкін

27.10.2020
MalimBlocks
Бір жылда жаңа партияны тіркеу бойынша  17 өтініш түскен

Бірақ партияларды тіркеу бойынша шешім әлі қабылданбаған.

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?

Сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

Сайлау күні сауалнама жүргізуге бола ма?

Рысбек Сәрсенбайұлы: Сайлау кейінге қалуы керек

Дариға сайлаудан кейін саясатқа оралуы мүмкін