Сағынтаев Құлыбаев компанияларына өтіп кеткен ҚазҰУ жерлері жайлы айтты

Malim Админ

  • 25.06.2021

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Құлыбаевтың компанияларына өтіп кеткен ҚазҰУ жері туралы сұраққа жауап берді.

"Кезінде университеттің өзінің шешімімен сол жердегі құрылыс жүргізіп жатқан 70 сотықтай жер бөлініп берілген. Қазір ол жер тура жатақханалар жанында орналасқан. Инвестор өзінің жерінде құрылыс жүргізіп жатыр, ал бұл жер мен жатақхана арасындағы аумақ ортақ пайдалануға беріледі. Абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Студенттер ол жерге емін-еркін барып, кафетерий, тағы басқаға кіре алады. Жердің бос жатқаннан гөрі пайдаланылғаны тиімді", - деді Алматы қаласының әкімі бүгін орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингіде.

"Инвесторге 2025 жылға дейін пайдалануға берілген жер аумағы ҚазҰУ аумағына қайтарыла ма?" деген сұраққа Сағынтаев:"Оны 2025 жылға қарай көреміз. Әкімдік қалай шешсе, солай болады", - деп жауап берді.

Бұған дейін orda.kz басылымы 2017 жылдың тамызында ҚазҰУ-дың аумағы 0,7495 га жерін Алматы әкімдігі OMIREX ЖШС-ға уақытша пайдалануға бергенін, ал мүлікті Atlas Development ЖШС-ның жарғылық капиталына өткізіп жібергенін жазған. Ras Aitamyn Telegram-арнасы бұл компаниялардың артында олигарх, бірінші президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың тұрғанын анықтады.

Orda.kz жазуынша, Omirex-ке абаттандыру мен көгалдару мақсатында берілген 0,6321 га жерді мақсатты пайдалану  2019 жылдың тамызында паркинг құрылысына өзгертілді. Бұл жерлер Құлыбаевтың компанияларына 2025 жылға дейін жалға берілген.

Байланысты жаналықтар

«Тәуелсіздік жариялаймыз!».  Петропавлдағы сеператистерге қылмыстық іс қозғалды     

31.03.2023

Әнұран айтылғанда орнынан тұрмаған журналистер сынға қалды

30.03.2023

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

30.03.2023

Әлихан Смайылов  Премьер-министр болып қайта тағайындалды  

30.03.2023

«Депутаты, выходите!» Как открывали сессию парламента

29.03.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарға тоқталды

29.03.2023
MalimBlocks
«Тәуелсіздік жариялаймыз!».  Петропавлдағы сеператистерге қылмыстық іс қозғалды     

19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жариялаған

Әнұран айтылғанда орнынан тұрмаған журналистер сынға қалды

БАҚ өкілдері хабар таратып отырған

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

Ол сотқа келмей қалған

Әлихан Смайылов  Премьер-министр болып қайта тағайындалды  

97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады

«Депутаты, выходите!» Как открывали сессию парламента

Напрасно перед открытием сессии окончательно обновленного парламента журналисты беспокоились, что различать депутатов, еще вчера развлекавших публику на каких-нибудь тоях да инстаграм-тусовках, будет невозможно. Некоторые обремененные мандатом креативщики с первого дня вырвали к себе внимание. Блогер Даулет Мукаев, например, украсил голову красивой тюбетейкой, и никто не ругал его за нарушение парламентского дресс-кода. Правда «пилить контент» на открытии сессии у него даже при желании не получилось бы. У входа в зал совместных заседаний депутатов и чиновников заставили оставить смартфоны в специальных ящичках. Такого даже в старом Казахстане не было.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарға тоқталды

Ұлттық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс