Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сенат Сарым-Закиева заңын Мәжіліске қайтарды

Саясат
Сенат Сарым-Закиева заңын Мәжіліске қайтарды

Заң туралы пікір білдірген сенатор Динар Нөкетаева жобаның балалар құқық қорғап, оларды зорлық-зомбылықтан сақтауға бағытталғанын айтты. Алайда оның бұл сөзіне қатысты пікір білдірген сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қоғамдағы талқылауға баса назар аудару керегін еске салды.

«Сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қолжетімділігін шектеуге не жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеттіктерді алып тастады. Соған сәйкес онлайн-платформалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл кезінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға мән берілді. Мұндай тәртіп балаларға қатысты кибербуллинг фактілеріне жедел назар аудару мен қоғамның ақпаратқа деген сұранысы арасындағы теңгерімді ортаны табуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Біздіңше, мұндай қадам «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына және Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мазмұнына сай келеді», – деді Әшімбаев.

Демек, Ақпарат министрлігі өз қалауы бойынша интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмысын шектей алмайды. Министрліктің құзыретіне тек балаларға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою ғана енді.

Ал балаларға қатысты кибербуллингтің қандай болатынын мемлекеттік органдар емес, арнайы сарапшылар тобы шешуі тиіс.

Өзгеріс енгізілген заң жобасы Мәжіліс қарауына қайта жіберілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу