Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

Ол сотқа келмей қалған

Malim Админ

  • 30.03.2023

Бүгін, яғни 30-наурызда сағат 11:00 де Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтетін болған. Бірақ айыпталушы сотқа келмей қалды.

Осыған байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізуге пәрмен берді. Бұл жөнінде қаулы шығарылды.

«ҚР ҚПК 157 және 335 тармақтарына сәйкес Серік Күдебаевты процеске мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы қабылданды. Келесі сот отырысы 3-сәуір сағат 10:00 ге белгіленді»,- делінген Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевқа қатысты сот 2023 жылдың 5-қаңтарда басталды.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған.

Бұған дейін Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен  босатылды.   

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады