СІМ: ЕҚЫҰ еліміздегі ішкі жағдайды жақсы түсінбейді

Қазақстан сыртқы істер министрлігі президент сайлауына сын айтқан Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының (ЕҚЫҰ)сайлауды бақылау миссиясының ұстанымына түсініктеме берді.

  • 22.11.2022

Министрліктің сайтында жарияланған түсініктемеде «ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың 2022 жылғы Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының алдын ала нәтижелері мен тұжырымдары туралы мәлімдемесінде объективтілік жоқтығы байқалады және осы уақытқа дейін республикамыздың қолдауына ие болған ұйым маңызды институт ретінде ДИАҚБ тиімділігіне күмән тудырады» деп жазылған.

«Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің олардың қызметінде «адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық сақтауды қамтамасыз етуге, заң үстемдігі негізінде әрекет етуге және демократия қағидаттарын жүзеге асыруға» бағытталған қызметіне көмек көрсету мандаты бар екені мәлім (1992 ж. Хельсинки құжаты)»-деген Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйым Қазақстанның ішкі жағдайын дұрыс түсінбейді деп бағалайды: «ЕҚЫҰ ДИАҚБ үшін дәстүрге айналған бейтарап тұжырымдардың трафаретті және біржақты қорытындыларды қамтиды және еліміздегі ішкі жағдайды толық түсінбейтінін көрсетеді. ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар тобы мен оның басшылығының қызметі Қазақстан Президентінің елімізді трансформациялауға, оны құқықтық дамыған озық қоғамға айналдыруға бағытталған реформаларына қарсы достық емес көзқарасты айқын көрсетті».

Сыртқы істер министрлігі түсініктемесін «ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының дәлелсіз және фактілермен расталмаған айыптау мәлімдемесі сайлауды бақылаған барлық беделді халықаралық ұйымдардың қорытындыларына сәйкес келмейді, бұл оның біржақтылығын тағы да көрсетеді. Мәлімдеме мазмұны Қазақстан билігімен ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстың жоқтығын көрсетеді және мұны міндетті түрде ескеретін боламыз» деп қайырады.  

ЕҚЫҰ-ның адам құқығы және демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауы «бәсеке жоқ саяси ахуалда өтті» деп мәлімдеме жасаған болатын. 

Байланысты жаналықтар

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

26.01.2025

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

26.01.2025

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

15.01.2025

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

03.01.2025
MalimBlocks
Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

Бұл елдегі жетінші кезекті президент сайлауы

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

Заң жобасы жұртшылық талқысына ұсынылды

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

Президент депутаттарды жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлайтынын айтты