Соңғы аптадағы негізгі жаңалықтар

Қазақстанға Путин келді. Астанада ҰҚШҰ жиыны өтті. Зеленский Путинді сынады. 11 қыз зорланған. Доллар шарықтады.

Аялдар Күнтуған

  • 29.11.2024

Депутат: қаңғыбас ит қаптап жүр

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына бастамашы болған мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде қаңғыбас иттер көбейіп бара жатқанына алаңдап, депутаттар бұралқы иттерге неліктен эвтаназия жасауды ұсынғанын түсіндірді.   

Әлемде әр 10 минут сайын бір әйел жақындарының қолынан қаза табады. БҰҰ мәлімдемесі

Күн сайын дүние жүзінде 140 әйел мен қызды серіктесі немесе жақын туысы өлтіреді, яғни орта есеппен әрбір 10 минут сайын бір әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қайтыс болады. Жыл сайын 25 қарашада атап өтілетін Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған бүкіләлемдік күрес күніне орай БҰҰ қасындағы Әйелдер ұйымы мен Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) жасаған баяндамасында осындай дерек айтылған.

11 қызды зорлау фактісі анықталды
Прокуратура Павлодардың балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарындағы 105 қыз медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижелері 11 тәрбиеленуші бойынша жыныстық қол сұғушылықты анықтады.

Астанаға Путин келді

Қазақстан - біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Әрине, біз қазір шағын құрамдағы келіссөзде өзара іс-қимылдың барлық мәселесін талқыладық, осындай үлкен екі жақты процестің аясында туындайтын мәселелерге назар аудардық. Кейбір мәселелер, Ресейдің назарын аударуды талап етіп жатады енді бірде сіз ресейлік серіктестерден белгілі бір шешімдерді күтесіз, - деді Ресей басшысы.

Украина туын кім көрсетті?

Астанада LED экранда Украина туы көрсетілді: ІІМ мұны қылмыс санады.

Астанада ҰҚШҰ кеңесі өтті

Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысып отыр.

Доллар шарықтады. Сарапшы не дейді?
Қазақстанды инфляция құрсауына алды. Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 — 517 теңгеден саудаланып жатыр.

Путин: Тағы да «Орешникпен» атамыз
"Қорғаныс министрлігі қазір соққы жасалатын нысандарды таңдап жатыр. Ол әскери нысандар, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары немесе Киевтегі шешім қабылдау орталықтары болуы мүмкін", - деді Путин Астанада өткен ҰҚШҰ елдерінің саммитінде. 

Зеленский: Путин соғысты аяқтағысы келмейді

Зеленский Путиннің «Орешникті» қолданамын деген қоқан-лоққысы соғысты тоқтату әрекеттеріне нұқсан келтіреді, деп мәлімдеді. Ол «Ресейдің жағдайды одан бетер ушықтыру және соғысты созу әрекетіне» жауап әзірлеу үшін Батыс жетекшілерімен жұмыс істеп жатқанын айтты.

Депутат: Ескі көліктен жұрттың есі кетті
Депутат Нартай Аралбай Үкімет көліктерді жеке тұлғалардың елге кіргізуіне байланысты шектеу қоюын мәселе етіп қозғамақ. Нартай Аралбайдың сөзінше, қазір қоғамда шетелден автокөлік әкелемін деген қазақстандықтардың құқығы тағы да шектеліп жатыр деген үлкен мәселе талқылануда.

Байланысты жаналықтар

Мың күндік соғыс: Ресейден 80 мың әскер өлген

29.11.2024

Зеленский Путиннің қоқан-лоққысына жауап берді

29.11.2024

АҚШ Украинаға әскерге шақыру жасын 18-ге дейін төмендетуді ұсынған

28.11.2024

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

22.11.2024

Кривой Рогқа шабуыл жасалды

11.11.2024
MalimBlocks
Мың күндік соғыс: Ресейден 80 мың әскер өлген

Осыған дейін соғысқа қатысып, қайтыс болған ресей әскерлерінің жалпы санының 22%-ын еріктілер тобы құрап отыр

Зеленский Путиннің қоқан-лоққысына жауап берді

«Ол бұл соғысты аяқтауға ұмтылмайды. Оның үстіне Путин басқалардың соғысты тоқтатуына кедергі жасағысы келеді», – деді Зеленский кешкі видео үндеуінде.

АҚШ Украинаға әскерге шақыру жасын 18-ге дейін төмендетуді ұсынған

Сарапшылар мен әскери блогерлер соңғы аптада Ресей күштері 2022 жылы Украинаға басып кірген кезден бергі ең айтулы табысқа қол жеткізіп, өткен айда Лондонның жартысынан үлкен аумақты басып алды деп мәлімдеді.

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

Бүгін біздің есалаң көршіміз өзінің шын мәнінде кім екенін, еркіндікті, жалпы адамдардың өмірін қалай жек көретінін және соншалықты қорқақ екенін көрсетті.

Кривой Рогқа шабуыл жасалды

11 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр