Зеленский Путиннің қоқан-лоққысына жауап берді

«Ол бұл соғысты аяқтауға ұмтылмайды. Оның үстіне Путин басқалардың соғысты тоқтатуына кедергі жасағысы келеді», – деді Зеленский кешкі видео үндеуінде.

Аялдар Күнтуған

  • 29.11.2024

                    Фото: www.oreanda-news.com

Зеленский Путиннің «Орешникті» қолданамын деген қоқан-лоққысы соғысты тоқтату әрекеттеріне нұқсан келтіреді, деп мәлімдеді. Ол «Ресейдің жағдайды одан бетер ушықтыру және соғысты созу әрекетіне» жауап әзірлеу үшін Батыс жетекшілерімен жұмыс істеп жатқанын айтты. Бұл жөнінде «Америка дауысы» жазды.

Украина президенті Зеленский Путиннің Ресей өзінің жаңа «Орешник» гипердыбыстық зымыранын Киевтегі «шешім қабылдау орталықтарына» шабуыл жасау үшін соғысты тоқтатуға бағытталған тактика ретінде қолдануы мүмкін деген сөзін айыптады.

«Ол бұл соғысты аяқтауға ұмтылмайды. Оның үстіне Путин басқалардың соғысты тоқтатуына кедергі жасағысы келеді», – деді Зеленский кешкі видео үндеуінде.

Батыс сарапшылары Путиннің өткен аптада Ресей алғаш рет Днепрге тастаған «Орешник» зымыранын ұстап алу мүмкін емес деген сөзіне күмәнмен қарайды.

Бұрынғы кеңестік республикалардың Қазақстандағы қауіпсіздік саммитінде сөйлеген сөзінде Путин Ресейдің 21 қарашадағыдай «Орешникті» сынауды жалғастыратынын айтып, қазір Украинаның Қорғаныс министрлігі мен Бас штабын атқылауды таңдап жатқанын айтты.

«Бұл Киевтегі әскери нысандар, қорғаныс және өнеркәсіптік кәсіпорындар, шешім қабылдау орталықтары болуы мүмкін», – деді Путин.

Зеленский Ресей басшысы жуырда сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамптың соғысты тоқтату әрекеттеріне тосқауыл қою үшін «Орешникті» қолданамын деп қорқытқанын айтты.

«Путин жағдайды президент Трамптың әрекеті сәтсіз болатындай дәрежеде ушықтырғысы келеді», - деді Зеленский.

Путин Ресейдің  түні бойы Украинаға үздіксіз жасаған соққыларын да Киевтің америкалық ATACMS баллистикалық зымырандарын қолданғанына қарымта деп айтты.

Зеленский Ресейдің 1 миллионнан астам адамды жарықсыз қалдырған соққыларда кассеталық оқ-дәрілер мен қанатты зымыранды пайдаланғанын айтып, мұны «жеңіл эскалация» деп атады. Зеленский сондай-ақ Батыс көшбасшыларымен, соның ішінде НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте, Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер және Германия канцлері Олаф Шольцпен кеңесіп, Ресейдің «жағдайды бұдан бетер ушықтыру және соғысты ұзарту әрекетіне» жауап әзірлеу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Путин Ресейдің заманауи зымырандық кешендері НАТО-дан 10 есе көп екенін, Мәскеудің өндірісті одан ары арттыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Путин «Орешник» зымыранының жойқын күшін ядролық қарумен салыстыруға болатынын және оның ядролық оқтұмсық алып жүрмейтінін, радиоактив таратпайтынын нақтылай отырып, соқтығыс кезінде бәрін күйретеді деді.

Батыстың қауіпсіздікті зертетйтін сарапшылары бұл зымыранды да Ресей арсеналындағы басқа зымырандар сияқты ядролық оқтұмсықпен қарулануы мүмкін дейді.

Байланысты жаналықтар

Украина ресейлік әскерлердің тұтқындарды ату оқиғасын тергеп жатыр

29.11.2024

АҚШ Украинаға әскерге шақыру жасын 18-ге дейін төмендетуді ұсынған

28.11.2024

Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт келіссөз қалай жүреді?

26.11.2024

Зеленский одақтастарынан көмек сұрады

25.11.2024

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

22.11.2024

Соңғы аптадағы негізгі оқиғалар

22.11.2024
MalimBlocks
Украина ресейлік әскерлердің тұтқындарды ату оқиғасын тергеп жатыр

Ресей солдаттарының тұтқындарға жасаған аяусыз репрессияларының саны артып келеді.

АҚШ Украинаға әскерге шақыру жасын 18-ге дейін төмендетуді ұсынған

Сарапшылар мен әскери блогерлер соңғы аптада Ресей күштері 2022 жылы Украинаға басып кірген кезден бергі ең айтулы табысқа қол жеткізіп, өткен айда Лондонның жартысынан үлкен аумақты басып алды деп мәлімдеді.

Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт келіссөз қалай жүреді?

Газет болашақ президенттің айналасындағылар бірнеше сценарийді талқылап жатқанын атап өтті. Олар қазіргі әкімшіліктің Украинаны «қажет болғанша» қолдау принципінен бас тартуға дайын. Трамп сайлауда жеңген соң оның ұлы әлеуметтік желіде Зеленский жақын арада «артықшылықтарынан айырылады» деп қалжыңдады.

Зеленский одақтастарынан көмек сұрады

Ресей халқымызды қырып, қорқыныш пен үрей тудырып, бізді әлсіз, өзіне бағынышты елге айналдыруды көздеп отыр

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

Бүгін біздің есалаң көршіміз өзінің шын мәнінде кім екенін, еркіндікті, жалпы адамдардың өмірін қалай жек көретінін және соншалықты қорқақ екенін көрсетті.

Соңғы аптадағы негізгі оқиғалар

Соңғы аптадағы негізгі оқиғалар