Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

Арман Қайыпхан

  • 28.11.2024

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, "Орешник" баллистикалық зымырандарымен соққылар "Киевтегі шешім қабылдайтын орталықтарға" қарсы жасалады, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

"Қорғаныс министрлігі қазір соққы жасалатын нысандарды таңдап жатыр. Ол әскери нысандар, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары немесе Киевтегі шешім қабылдау орталықтары болуы мүмкін", - деді Путин Астанада өткен ҰҚШҰ елдерінің саммитінде. 

Путиннің айтуынша, Ресей Украинаға қарсы жаңа зымырандарды "жауынгерлік сынақтан" өткізуді жалғастырады. Бұл Украина Қарулы Күштерінің (УҚК) Брянск және Курск облыстарына ұзақ қашықтықтағы британиялық және америкалық зымырандармен жасаған соққыларына жауап болмақ.

Еске сала кетейік, Владимир Путин 21 қарашада Ресей армиясы Днепр қаласына ядролық қаруы жоқ, гипердыбыста ұшатын "Орешник" атты баллистикалық зымыранымен соққы бергенін айтты. 

Фото: Gavriil Grigorov/POOL/AFP

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті