Ресей Украинаны құрлықаралық баллистикалық зымыранмен атқылады

Арман Қайыпхан

  • 21.11.2024

Ресей алғаш рет Украинаға шабуыл жасау үшін құрлықаралық баллистикалық зымыранды пайдаланды, деп хабарлады Украинаның Қарулы күштері.

Хабарламада айтылғандай, зымыран Астрахан облысынан ұшырылды. Ресей әскери күштері әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Бірқатар телеграм-каналдар қару-жарақтың бұл түрін қолдану украин әскерлерінің Ресей аумағына Батыстың алыс қашықтықтағы қару-жарағын пайдаланғаны үшін жауап ретіндегі әрекеті екенін жазған болатын.

Еуроодақтың сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі егер Ресейдің құрлықаралық зымыранды қолдану фактісі расталса, бұл қақтығыстың жаңа деңгейге өтетінін мәлімдеді. АҚШ әзірге болып жатқан жағдайға еш түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, Құрлықаралық баллистикалық зымырандар Ресей армиясындағы ең қуатты қару-жарақ қатарына жатады. Бұл сыныптағы зымырандар әдетте ядролық бөлімдермен жабдықталып, стратегиялық ядролық күштердің бөлігі саналады. Алайда зымырандар кәдімгі жарылғыш заттарды да көтере алады.

21 қарашаға қараған түні Украинаға жасалған соққы ядролық емес болды.

"Украинская правда" басылымының дереккөздері, сондай-ақ бірқатар телеграм-арналар соққы үшін РС-26 "Рубеж" зымыран кешені пайдаланылды деп мәлімдейді. Зымыран Днепр қаласына шабуыл жасау үшін пайдаланылды деген болжам бар.

Бүгін елімізге жаңа ресейлік зымыранмен соққы жасалды. Ол үшін құрлықаралық баллистикалық қару-жарақ пайдаланылды. Қазір сараптамалар жалғасуда, - Украина президенті Владимир Зеленский.

Фото: АР

Байланысты жаналықтар

Амангелді Құрметұлы: Ресей-Украина соғысы жаңа кезеңге шықты

22.11.2024

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

22.11.2024

Халықаралық сот Израиль премьері Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берді

22.11.2024

Путин Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

21.11.2024

Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

21.11.2024

Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

21.11.2024
MalimBlocks
Амангелді Құрметұлы: Ресей-Украина соғысы жаңа кезеңге шықты

Украинаның Днепр қаласына қарай атылған ресейлік баллистикалық зымыран әлем елдерін әбігерге салды. Журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы Malim.kz сайтына берген сұқбатында осындай пікір айтты.

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

Бүгін біздің есалаң көршіміз өзінің шын мәнінде кім екенін, еркіндікті, жалпы адамдардың өмірін қалай жек көретінін және соншалықты қорқақ екенін көрсетті.

Халықаралық сот Израиль премьері Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берді

Нетаньяху мен Галант Газа халқын қасақана ас-судан, дәрі-дәрмектен, жылу мен жарықтан айырған

Путин Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

Арчаковты Украина қарулы күштерімен және Украина жағында соғысып жатқан шешен батальонымен байланысы бар деп, ұзақ мерзімге соттауы мүмкін

Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

Украина дабыл жүйесін іске қосты