Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

Malim Админ

  • 28.11.2024

Елордада Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды.


Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысып отыр.

Сондай-ақ, іс-шараға ТМД Бас Хатшысы Сергей Лебедев пен ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин шақырту алған. 

Бұған дейін тараған ресми хабарламада Армения өкілдерінің есімдері аталған жоқ. Ал Армения СІМ баспасөз хатшысы Ани Бадалян Арменпресс агенттігіне елдің Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Қорғаныс министрлері кеңесінің, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатыспайтынын мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарында ҰҚШҰ-ға төрағалық тізгінін алған болатын. 

Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде, нақты айтсақ, 18 қараша күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы қарар қабылданды. 

Құжатта ҰҚШҰ өзінің бітімгершілік әлеуетін және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық жүйесін нығайтуға, терроризмге және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылға, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күреске және Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен ережелерін іске асыруға жәрдемдесетін табиғи және техногендік апаттардың салдарын жоюға елеулі үлес қосатыны атап көрсетілген.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов Астанадағы өнеркәсіп жұмыстарымен танысты

29.11.2024

Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

29.11.2024

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

28.11.2024

Астанада кәмелетке толмаған 165 жасөспірім полицияға жеткізілді

28.11.2024

Доллар құны 500 теңгеден асты

27.11.2024

«Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза». Астана әуежайындағы баннер көпшіліктің ашуын туғызды

27.11.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов Астанадағы өнеркәсіп жұмыстарымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты.

Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті

Астанада кәмелетке толмаған 165 жасөспірім полицияға жеткізілді

151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Доллар құны 500 теңгеден асты

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 500 теңге

«Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза». Астана әуежайындағы баннер көпшіліктің ашуын туғызды

Путин елімізге мемлекеттік сапармен келе жатыр.