Сыбайлас жемқорлық: Шыңғыс Мұқан отставкаға арыз бере ме?

"Пара алу да, пара беру де – қылмыс. Құқық қорғау органдары мұқият қарап отыруы тиіс. Ал атқарушы органдар не істей алады?» - дейді ол. Әрине, ең болмаса отставкаға кете алады.

  • 15.07.2022

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығы тергеліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, басқарма басшылығы бюджет қаражатын ұрламақ болған.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және ағымдағы жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып  «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізуде. Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында «Аrtsport» ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі бар», - делінген антикор таратқан хабарламада.

Үйірмелерге қатысты деп есеп беріп, оған бөлінген ақшаны жымқырмақ болған басқарма басшысы қазір қамауға алынған. 2022 жылға Шымкент қаласына мемлекеттік тапсырыс аясында спорттық салаға 2,3 млрд теңге бөлінген. Осы қаражаттан жырымдамақ болғандарға қатысты қосымша фактілер тексеріліп жатқанын айтады антикор. Сондай-ақ, «өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды».

2019 жылғы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, «бірінші басшы оның тікелей бағынышты қызметкеріне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті».

Осы заңға сәйкес, орынбасарлары ұсталса әкім орнынан кетуге тиіс. Ал, басқарма басшылары әкімнің бірінші орынбасарына тікелей бағынады. Демек, басқарма басшысына байланысты тергеу ісі сотқа жетіп, сотта басқарма басшысы жазықты болса, онда қала әкімінің бірінші орынбасары өз еркімен отставкаға кету керек. Балаларды үйірмеге «қатыстырып», ақша жасап жүрген басқарма басшысының кінәсі дәлелденсе Мұрат Әйтеновтің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан отставкаға арыз берер ме екен? Әрине, Қазақстандағы сот прооцесі өте ұзақ жүретінін ескерсек, Шыңғыс Мұқанға әзірге алаңдамай жұмысын істей беруге болады. Тек, басқарма басшыларының есебін іс жүзінде бір тексеріп қойып жүрсе болды.

Мұқан 2020 жылы мектепке ақша беріп орналастыру бойынша моральға толы мәлімдеме жасап, тіпті, пара сұрағанжарды хабарлаңыздар деп телефон номерін де берген.

«Ешкімді қолынан ұстап алмаған соң, мектепке шынында да пара беріп орналаса ма, әлде таңдау әділ жүре ме, ол жағын жауапты басшылардың ар-ұятына қалдырдым. Менің түсінігім бойынша әр басшы ең білікті маманды таңдап алуға мүдделі. Пара алу да, пара беру де – қылмыс. Құқық қорғау органдары мұқият қарап отыруы тиіс. Ал атқарушы органдар не істей алады?» - деп, өзінің жүгін аздап жеңілдетіп те алған.

Өзі «таңдап алған ең білікті маманның» парақорлығына қатысты атқарушы орган не істей алады? Әрине, ең болмаса отставкаға кете алады. Мұндай жағдайда бірінші басшылар жорта айтса да, «егер дәлелденсе, кетуге дайынмын» деп, мәлімдеме жасап жататын. Шыңғыс мырза әзірге үнсіз. Өзі бір сұхбатында «билік кімде болса – жауапкершілік сонда», - деп еді, айнып қалмаса қызметкері үшін жауапкершілік арқалаудан қашпайтын шығар...

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады