Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерге төлем беріле бастағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Көріп отырғанымыздай, жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады. Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылданып жатыр. Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне  түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым, - дейді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алды.

Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейміз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі. Азаматтарға айтатыным, сабыр сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін. Дегенмен кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ, - деді ол.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады