Тоқаев Орталық Азияны қауіпсіз, әрі өркендеген аймақ ретінде сақтауға шақырды

Президент атаған тағы бір маңызды міндет – жан-жақты ықпалдастықтың берік экономикалық базасын қалыптастыру.

Malim Админ

  • 09.08.2024

Президент атаған тағы бір маңызды міндет – жан-жақты ықпалдастықтың берік экономикалық базасын қалыптастыру. Соңғы жылдары бұл бағытта елеулі нәтижеге қол жеткізілді. Өңір ішіндегі сауда көлемі біртіндеп ұлғайып келеді.

Бұл көрсеткіш 11 миллииард долларға жетті. Мемлекет басшысы тауар айналымын арттыру және оны 15 миллиард долларға жеткізу маңызды екенін атап өтті.

– Елдеріміздің экономикасын дамытуға бірлескен ірі инфрақұрылым және көлік жобалары тың серпін берер еді. Өзара тиімді ынтымақтастықтың мұндай оң мысалдары аймағымызда қазірдің өзінде де бар. Мәселен, Қырғызстандағы Қамбарата 1-ГЭС-ін, Тәжікстандағы Рогун ГЭС-ін, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның газ жобаларын, жаңа көлік дәліздерінің құрылысын, сондай-ақ басқа да маңызды жобаларды атауға болады. Бұдан бөлек шекара маңы аудандарында сауда-логистика желілері мен өнеркәсіп хабтарын дамыту маңызды. Ауыл шаруашылығы, логистика, тоқыма және химия өнеркәсібі, құрылыс секілді перспективті салаларда жаңа келісімдер жасап, жан-жақты серіктестігімізді нығайту қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

07.05.2025

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

23.04.2025

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

19.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді