Тоқаев: Президент партия құрамында болмауы керек

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауын жариялады.
Тоқаев бүгінгі жолдауында президент өкілеттілігі жүріп тұрған уақыт аралығында партия құрамында болмауы керектігін айтты.
– Мен заңнамалық түрде өзімнің президенттік өкілеттігім кезеңінде партияға мүшелікті тоқтату міндетін рәсімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді, – деді Тоқаев.
Сонымен қатар, әкімдер мен олардың орынбасарлары да партия құрамында болмайды.
– Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдары басшылығында болуға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпжақты партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Тоқаев.
Жолдауда айтылған өзге де ұсыныстар:
- Орталық сайлау комиссиясы, конституциялық кеңес мүшелері және әкімдерге де партиядан шығару ұсынылды;
- Президентті аудан және ауыл әкімдерін тағайындау құқығынан айыру;
- Президент сенаттағы 15 емес, 10 депутатты тағайындауы керек;
- Мәжілістегі халық ассамблеясы атынған сайланған депутаттар сенатқа көшіріліп, саны 9-дан 5-ке дейін азаяды.
- Партияны тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың адамға төмендету;
- "Республикалық бюджеттің сапалы орындалуын бақылауды" күшейту мақсатында Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады;
- Партияларды тіркеу үшін қажет қолдар саны 20 мыңнан 5 мыңға дейін азаюы қажет, ал партия құру үшін бастама топ кемінде 700 адамнан (қазір 2 мың) құралуы тиіс;
- Конституциялық сот құру;
- Қазақстанда ұлттық қоғамдық сенім кенесінің орнына ұлттық құрылтай құру;
- Әкімдердің үштен артық орынбасары болмауы тиіс;
- Алматы облысын екіге бөлу: Алматы (орталығы - Қапшағай қ.) және Жетісу (орталығы - Талдықорған қ.);
- БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізу;
- Семей аумағында Абай, Жезқазғанда Ұлытау облысын құру;
Биыл Қаңтар көтерілісінен кейінгі мәлімдемелерінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы наурыз айында саяси реформалар пакетін ұсынатынын хабарлаған еді. Алайда ол БАҚ-қа берген сұқбатында "түбегейлі өзгерістер болмайтынын" мәлімдеді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс атқарды?
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады. Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу мәртебелі оқырман құзырында.
Тайны дела Бишимбаева
В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.
Прощай, Миттал. Казахстан ждет новых иностранных инвесторов
Очередную пятилетку индустриализации задумали в правительстве. В четверг, на заседании сената, министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев рассказал о 15 инвестиционных проектах, которые к 2029 году должны обеспечить налоговые поступления в бюджет в размере 960 млрд тенге. Ожидается, что показатель ВВП повысится на 4,7%. Но как это отразится на жизни граждан, Шарлапаев не уточнил.