Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірімен кездесті

Мемлекет басшысы Қатарды Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атап өтті

Арман Қайыпхан

  • 03.07.2024

️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға арнайы келгені және Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қатарды Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, екі елдің мақсаттары ортақ және тілеулес екенін айтты.

Сіздің еліңізбен тығыз қарым-қатынас жасауға ниетті екенімізді атап өткім келеді. Менің Дохаға жасаған сапарым туралы жақсы естеліктер қалды. Бұл екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан айтулы оқиға болды. Біз байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Менің сапарым барысында өте маңызды құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Үкіметі осы келісімдердің табысты жүзеге асырылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп ойлаймын, – деді Президент.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Астанаға тағы да келіп, ШЫҰ саммитіне қатысу зор мәртебе екенін айтты.

Әрине, Дохаға жасаған өте маңызды сапарыңыз есімде. Сіз өзара қарым-қатынасымызды стратегиялық деңгейге көтергенімізді еске салдыңыз. Мен қарым-қатынастарымызды мақтан тұтамын.  Елдеріміз әлі де ауқымды жұмыс атқаруға, соның ішінде экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға тиіс, – деді Қатар Әмірі.

Әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, көлік-логистикалық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау және телекоммуникация салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайту перспективаларын талқылады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент