Тоқаев Тілеухан Қабдрахмановті марапаттады

Сұлу Бөлек

  • 30.04.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Тілеухан Қабдрахмановті марапаттады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі "Достық" орденімен наградталды.

Тілеухан Қабдрахманов туралы не белгілі?

Тлеухан Қабдрахманов 1945 жылғы 29 сәуірде Семей облысы Жаңасемей ауданының Тереңқұдық ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің экономика және құқық факультетін "халық шаруашылығын жоспарлау және экономика" мамандығы бойынша тәмамдады. 1991 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1963 жылы бастаған. 1973–1991 жылдар аралығында Қазақ КСР Мемжоспарында және Мемлекеттік экономика комитетінде басшылық қызметтер атқарды.

1991–1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Үкімет мүшесі болды.

1993 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстанның Франция, Жапония, Өзбекстан, Литва, Латвия, Эстония және Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарып, ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкіл болды.

Еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, "Құрмет" орденімен, "Астана" медалімен және өзге де мемлекеттік, мерейтойлық марапаттармен наградталған. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері", "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атақтарының иегері.

Фото: kazpravda.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады