"20 пайыз тым көп". Тоқаев үкіметке қайта қарауды ұсынды

Тоқаев: Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары

Сабина Асқарқызы

  • 07.02.2025

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс.

Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс.

Бір анығы, Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс. Мен бұған дейін де айттым: Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

09.04.2025

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

09.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады

09.04.2025

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді

07.04.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді