Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге бөлінеді

2021 жылы Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге қарастырылып отыр.
«Президенттің Жолдауда берген тапсырмаларын орындау тиісті қаржыны қажет етеді. Биылғы республикалық бюджетте тиісті қаржы қарастырылған. Мысалы, тез салынатын 13 жаңа инфекциялық ауруханаға 30 млрд теңге ескерілген. Үкімет резервінен табысы аз отбасылардың балалары үшін компьютерлік техниканы сатып алуға 70 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде 2020 жылғы бюджетті нақтылау аясында қосымшы шығыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкімет үйіндегі өткен баспасөз мәслихатында.
Тапсырмаларды орындау аясында шығындарды оңтайландыру қарастырылған. Сонымен қатар бюджетке қосымша түсімдер көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жұмыстардан қамтамасыз етіледі.
«2021 жылдың бюджетінде Жолдаудағы Президент тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге қарастырылған. Бірінші кезекте медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, шағын және орта бизнестің несие бойынша пайыздық ставкасын субсидиялау, республикалық маңыздағы жолдардың құрылысы, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына, сондай-ақ басқа да бағыттарға арналған шығыстар ескерілген. Бұдан басқа тапсырмалар тұрғысында мемлекеттік органдармен шығыстар көлемі нақтыланып жатыр», - деді Әлихан Смайылов.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Мәсімовті қолдап жүрген кімдер?
Желіде «Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген күдікке ілініп қамауда отырған Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қолдау сайты пайда болды. Онда Мәсімовті Қазақстан модернизациясы архитекторларының бірі деп сипаттап, оның ел үшін істеген еңбегімен қатар не үшін қамалып отырғаны туралы ақпарат жарияланған.
Тоқаев «Қазақмыстан» Ұлытау облысын көркейтуге көмек сұрады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты. Кездесуге «Қазақмыс» басшысы Эдуард Огай қатысып, Жезқазған мен Сәтпаевты көркейтуге осы жылы 25,4 миллиард теңге бөлетінін айтты. Өз кезегінде президент одан көп ақша бөлуді сұрады.