Түймебаев Назарбаевты қашан шақырады?

Жансейіт Түймебаев Қазақстанның экс-президентін ұмытып кетті ме?

  • 20.06.2022
Түркиядағы елші Түймебаев президент Назарбаевтың қабылдауында, 2015 жыл. 
Фото ашық интернет көзінен алынды.

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жүр. Кеше бір дәріс оқыды, университет баспасөз қызметінің хабарынша 23 маусымға тағы біреуін жоспарлап отыр.

19 маусым күні Ақаевтың көшбасшылық туралы дәріс оқитыны өткен аптада хабарланған. Ресей ғылым академиясының академигі, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Асқар Ақаев ҚазҰУ қалашығымен танысып алған соң, «Көне дәуірден бергі демографиялық даму көрсеткіші және адамзат болашағы (компьютерлік болжау және математикалық модельдеу)» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісін оқыды. Жиында академик Асқар Жұмаділдаев, ақын Олжас Сүлейменов, жазушы Смағұл Елубай бастаған белгілі адамдар да жүрді.

ҚазҰУ ректоры Қырғызстанның тұңғыш президентін:

«Асқар Ақайұлы  өте білімді, ерекше тұлға. Тәжірибелі ғалым ретінде  Қырғызстанда есептеу оптоэлектроника және голография бойынша Қырғыз ғылыми мектебін құрды. Аталмыш орталықтан көптеген ғалымдар мен докторлар шықты. Осылайша профессор әлемдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талдау мен болжаудың ғылыми мектебін қалыптастырды», - деп мақтады.

Асқар Ақаев та өз кезегінде университет басшылығына алғыс айтты және ҚазҰУ-ды Орта Азиядағы ең үздік университет деп атады. «Демографиялық ауысу» туралы сөйлеген Ақаев кездесу соңында «ҚазҰУдың құрметті профессоры» атағын алды.

Түймебаевтың экс-президенттерді ҚазҰУ-ға шақыруы алғаш емес. Ол былтыр ғана Түркияның экс-президенті Абдуллаһ Гүлді шақырған. Ол да арнайы дәріс оқып, «құрметті профессор» атағын алып, әл-Фараби алтын медалімен марапатталған. Ол кезде де Сүлейменов, Елубай бастаған ақын-жазушылар қатысқан. Түймебаев Гүлді «Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүл мырзаның университетімізге келгені айрықша мәртебе», - деп, арқаға қағып, шапан жауып шығарып салған.

Екі жылда екі экс-президентті қонаққа шақырған Түймебаев – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде қалыптасқан, үлкен қызметтер істеген адам. Оның Назарбаев туралы айтқан мақтау, ұлықтау сөздері аз емес. Ол Назарбаев биліктен кеткен соң да оған арналған іс-шараларға қатысып, жақсы сөзін аямайтын.

«Қызмет барысында мен Елбасының жанында бірге жұмыс жасадым, және ел дамуына байланысты тағдыршешті мәселелерде шешімнің қалай қабылданғанын білемін. Саясаткер келесі сайлау туралы, ал мемлекеттік қайраткер келесі ұрпақ туралы қам жейді дейді. Нұрсұлтан Назарбаев – бұл үлкен әріптермен жазылатын мемлекеттік қайраткер», - деген 2019 жылы Тұңғыш президент күніне орай өткен «Елін сүйген Елбасы» диалог-әңгімелесуде.

2020 жылы ҚазҰУ-да Назарбаевқа арналған зал да ашылған. Кітаптары мен фотосуреттері, әр жылдары істеген істері туралы ақпарат беретін бұл залды «стеденттер мен оқытушылардың қызығушылығын оятты» деп жар салған. Сол зал ашылғанда Назарбаевтың 1991-2018 жылдар аралығындағы әр түрлі университеттерде сөйлеген сөзін жинап, «Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың дәрістері» атты арнайы кітап та шығарған. Ғалымқайыр Мұтановтың ректорлығы кезінде ашылған бұл зал қазір де істеп тұр. Түймебаев «студенттерге, әсіресе оқытушы профессорлар үшін маңызды» осы дәріс кітабын місе тұтып отыр ма екен, әзірге Қазақстанның экс-презиентін қонаққа шақырған жоқ.

ҚазҰУ-ға осы маусымның басында ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев келіп кетті. Ал Назарбаев бұл университетке соңғы рет 2014 жылы келген. Қазіргі уақытта «экс-президент көрінбей кетті»; «ол елдің ішінде емін-еркін жүре алмайды» деген сөздер жиі айтылып жүр. Қырғызстанның тұңғыш президенті мен Түркияның 11-ші президентін шақыруға жеткен шамасы бір кездері елші, облыс әкімі сияқты қызмет істеуіне мүмкіндік жасаған сүйікті елбасын құрметтеуге жететін шығар. Егер Назарбаев экс-президент ретінде келіп, дәріс оқып беріп кетсе, Түркия мен Ресейге барғаны туралы ақпараттан басқа ешқандай хабар шықпай кеткен Назарбаевты «халыққа жақындатқан» адам ретінде тарихта қалар еді.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады