Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден аса мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Сұлу Бөлек

  • 24.03.2025

Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден аса мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен кездесті. Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысы қаралды.

Жоба мақта өсіруден бастап иірілген жіп, мата, киім түріндегі басқа да дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейін өндірістің толық циклін, яғни, мақта агроөнеркәсібі кешенін қалыптастыруға бағытталған. Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр, оның ішінде 4-уі егіс алқаптарына жақын мақта өңдеу бойынша, 2-уі – заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, тамшылатып суару жүйелерін өндіру бойынша, сондай-ақ тігін және бояу-әрлеу фабрикасын қоса алғанда, 4 тоқыма зауыты бар. Инвестициялардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асады. 4 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде 3 мың тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.

Бүгінде кластердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ПВХ құбырларын шығаратын зауыт іске қосылды, тоқыма фабрикаларының құрылысы басталды. Инвестор суару инфрақұрылымының (каналдар желісі, сорғы стансасы) құрылысын жүргізіп жатыр. 

Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы

Чжан Цихай еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды және жоба үшін өңірдің қолайлы климаттық ерекшеліктерін атап өтті. Чжан Цихай биылғы қазан айынан бастап дайын өнімнің алғашқы өндірісін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Премьер-министр Олжас Бектенов іске асырылып жатқан жобаның мәнін және экономиканы дамытудағы кластерлік тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі.

«Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және нақты секторға инвестиция тарту міндетін қойды. Мақта-тоқыма кластерін құру өнімнің қосылған құнын арттыруға, қайта өңдеуге және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға ықпал етеді. Үкімет өз тарапынан қажетті қолдау көрсетеді», - деді Олжас Бектенов.

Анықтама: Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd – Қытайдың мақта өнеркәсібіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Шыңжаң компаниясы қытайлық 500 ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының рейтингінде 55-ші орында тұр. Компания тұқым өсіруден бастап, тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі мақтаны кешенді өңдеуге және толық өндірістік циклды басқаруға маманданған.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

27.03.2025

Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесін қабылдады

26.03.2025

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

26.03.2025

Қытай Украинаға әскер жіберуі мүмкін

23.03.2025

Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесті

19.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға шетелден келген жұмысшылар статистикасын ұсынды

Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесін қабылдады

Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады

Қытай Украинаға әскер жіберуі мүмкін

Қытай Украинадағы бітімгерлік күштерге қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесті

Кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу және жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударылды.