Үкіметте Қазақстан мен Халықаралық валюта қорының ынтымақтастық жоспарлары талқыланды

Вице-премьер экономиканың үздіксіз өсуін және биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша оны 3,7%-ға дейін жеделдетуді баса айтты

Malim Админ

  • 01.10.2024

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті.
Елімізге кезекті сапары аясында ХВҚ миссиясы негізгі мемлекеттік органдармен, соның ішінде Парламент, Ұлттық банк, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және басқа да мүдделі тараптармен бірқатар кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар ағымдағы экономикалық жағдайды, Үкіметтің экономиканы одан әрі сапалы өсіру мақсатында жүргізіп жатқан реформалары мен шараларын, сондай-ақ Қордың экономикалық саясатты дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарын әрі жақын және орта мерзімді перспективаға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

Вице-премьер экономиканың үздіксіз өсуін және биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша оны 3,7%-ға дейін жеделдетуді баса айтты. Бұған қоса, Премьер-Министрдің орынбасары Үкіметтің бюджеттік саясаттың тиімділігін арттыру, салық заңнамасын жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты күшейту және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмысына да тоқталды.

Нұрлан Байбазаров Қазақстан Халықаралық валюта қорымен серіктестікке үлкен мән беретінін және оның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Өз тарапынан Николя Бланше тұрақты 6% өсімге қол жеткізу үшін экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыру қажеттігін, бұл – қол жеткізуге болатын көрсеткіш екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қордың Қазақстанға тиісті қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

06.05.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты