457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық құрылтайға – 3 жыл: Ерлан Қарин атқарылған істерді түйіндеді

Бүгін Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды рөл атқаратын Ұлттық құрылтайдың құрылғанына үш жыл толды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық құрылтайдың үш жылдық жұмысы аясында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, құрылтай бастамаларының негізінде 16 заң қабылданып, тағы 5 жаңа заң жобасы әзірлену үстінде.

Қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар жол карталары ұсынылды. Олар тіл саясатын дамыту, ақпараттық доктринаны жүзеге асыру, есірткі мен лудоманияға қарсы күрес, волонтерлікті қолдау және жастар тәрбиесін жетілдіру бағыттарын қамтиды.

Тарихи және идеологиялық тұрғыдан маңызды шешімдер де қабылданды. Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді, ал 25 қазан — Республика күні — ұлттық мереке ретінде бекітілді.

Мектеп оқушыларына арналған «Адал азамат» атты бірыңғай тәрбиелік бағдарлама әзірленіп, білім саласына енгізілді. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын тереңірек зерттеу үшін арнайы ғылыми орталық құрылды. Ұлттық руханиятты дәріптеу мақсатында елімізде алғаш рет Ұлттық кітап күні белгіленіп, биылдан бастап ресми түрде атап өтілді.

Құрылтайдың үшінші отырысы нәтижесінде 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылым жоспары бекітіліп, іске асырыла бастады. Ал төртінші отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының бес стратегиялық басымдығын айқындап берді. Олар: цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және адам капиталы.

Осылайша, Ұлттық құрылтай – елдік мүддені айқындап, келешекке бағыт-бағдар беретін тұғырлы алаңға айналды.

Фото: Ақорда