Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

Венесуэладағы президент сайлауынан кейін оппозиция өкілдері жаппай митингке шығып, биліктен өздерінің жеңісін талап етуде. Қазіргі президент Николас Мадуро қазіргі уақытта мыңдаған "тәртіп бұзушылардың" ұсталғанын мәлімдеді.

  • 06.08.2024

Каракас көшелерінде мыңдаған тұрғын назарылық шеруіне шығып, оппозиция өкілі Мария Корина Мачадо мен Эдмунд Гонсалеске қолдау білдірген. Олардың пікірінше, кезекті сайлауда бұл тарап жеңіске жеткен. 
Өткен сенбіде наразылыққа қатысушы 2 мыңға жуық адам ұсталған еді. Олар президент сайлауының нәтижесін жоққа шығарып, өздерінің талабын қойған.

Сондай-ақ, Мадуро Мачадо мен Гонсалесті қамауға алу туралы бұйрық берген.
Мачадоға Мадуро үкіметі 15 жылдан бері сайлауға түсуге шектеу қойды. Бұған дейін ол өзінің өміріне қауіп төнгенін айтқан болатын. Ал тағы бір оппозиция жетекшісі Гонсалес сайлаудан кейін бой тасалап, митингте қара көрсетпеген.
Өткен жұма күні олардың кеңсесіне бетперде киген адамдар тобы келіп тінту жүргізген. Ғимарат ішінен олар көптеген құжаттарды өздерімен бірге алып кеткені мәлім болды.
Ал митингке шыққан шерушілер жеңіске жетеміз деп үміттенеді. Өткен сенбі күні Мачадо митингке қатысушылардың алдында жеңіске жеткендерін мәлімдеді. 

"Біз сайлауда жеңіске жеттік. Бізде енде жаңа кезең басталады. Сайлауда жеңіске жету үшін бізге көп уақыт керек болды. Енді жаңа дәуірге қарай қадам бастық. Ешқашан біз бүгінгідей мықты болған жоқпыз. Ешқашай жүйе бүгінгідей әлсіз болған жоқ", - деді Мария Корина Мачадо. 

Мария Корина Мачадо Венесуэла оппозициясының жетекшісі. 
Әлемнің көптеген елдері Венесуэладағы сайлау нәтижесін мойындаған жоқ. Сондай-ақ, Мадуроның жеңісін Үкіметтен дәлелдеуді сұрады. Сайлау алдындағы сауалнама мен тәуелсіз экзит-пол нәтижесі бірінші кезеңде оппозицияның жеңіске жеткенін мойындаған. Бұл ретте Мадуроның елдегі танымалдығы 30 пайыздан 12-ге дейін төмендеді. 

Фото: euronews.com

Материал euronews мақаласы негізінде дайындалды

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр