VI Консультативтік кездесудің қорытындысы. Бірқатар құжатқа қол қойылды

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды

Malim Админ

  • 09.08.2024

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі;

2. «Орталық Азия – 2040» аймақтық кооперацияны дамыту тұжырымдамасы;

3. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің «Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёевті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Құрмет белгісімен марапаттау туралы» шешімі.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі арқылы мынадай құжаттар мақұлданды:

1. Аймақтық ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы;
2. Орталық Азия мемлекеттерінің өндірістік кооперациясын дамыту бойынша 2025-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі аясында ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Орталық Азия мемлекеттерінде көлік-логистикалық орталықтарын дамыту жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Орталық Азия мемлекеттері энергетика министрлерінің бірінші кездесуінің қорытындысы бойынша коммюнике;

3. Орталық Азия мемлекеттері көлік министрлерінің екінші кездесуінің Астана коммюникесі.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді 

09.08.2024

Жапонияның премьер-министрі Қазақсанға ресми сапармен келеді

08.08.2024
MalimBlocks
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді 

Ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады

Жапонияның премьер-министрі Қазақсанға ресми сапармен келеді

9 тамызда Астана қаласында "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммиті өтеді