Жанболат Мамай шартты түрде сотталмақ

Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбайдың әлеуметтік желідегі парақшасына жазуына қарағанда, үйқамақтағы күйеуі шартты түрде сотталмақ.  

  • 04.04.2023

4 сәуірдегі сот отырысында прокурор Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған Жанболат Мамайды 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, жазаны шарттыға ауыстыруды сұраған.

«Прокурор Жанболатты 6,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сүйеніп, бұл жазаны шарттыға ауыстыруды сұрады», – деп хабарлады Инга Иманбай.

Оның жазуына қарағанда, айыптаушы прокурор Жанболат Мамайдың қоғамдық-саяси іспен, журналистикамен айналысуына, әлеуметтік желілерге жазып, хабар таратуына, партия, қоғамдық ұйым құруына да 6 жылға дейін тыйым салуды сұраған.

Жанболат Мамай былтыр ақпанда Қаңтар құрбандарын еске алу жиынына қатысқаны үшін ұсталған. 15 күн әкімшілік қамауға алынған Мамай ізінше тергеу изоляторына ауыстырылды. Оған «жалған ақпарат тарату» және «билік өкілін қорлау» баптары бойынша айып тағылған болатын.

Кейіннен оған «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген тағы бір айып тағылды.

Бірақ, Жанболат Мамай сегіз айға созылған тергеу изоляторынан босап шығып, үйқамаққа жіберілген болатын.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады