Заңсыз ұсталған 1,5 мың адам босатылды

Malim Админ

  • 17.02.2025

Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысына еліміздегі заң үстемдігінің жай-күйі және қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа криминогендік жағдай және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық қақын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жөнінде есеп берілді. Прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу сатысында 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатты, бұл істер Қылмыстық-процестік кодекске сай келмейді. 4 мың азаматтың қылмыстық іске негізсіз тартылуына жол бермеді. Сонымен қатар заңсыз ұсталған 1,5 мыңнан аса адам босатылды. Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталды.

Берік Асыловтың хабарлауынша, әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің, 979 мың зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының және басқа да азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілген. 123 мың жұмысшының еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген. Жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын алимент бойынша қарыз өндірілген.

Президентке былтыр мемлекет пайдасына 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылғаны жөнінде айтылды.

Экономикаға 12 триллион теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек берілді. Прокуратура актісі бойынша 136 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Прокурорлар инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 712 шешіміне келісім бермеді. Инвестициялық жобаларға қолдау көрсету барысында «прокурорлық сүзгіні» пайдалану өз тиімділігін көрсетті. Жалпыұлттық пулға енген жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауға мүмкіндік беретін Цифрлы инвестициялық платформа белсенді қызмет атқарып келеді.

Мемлекет басшысына қоғам назарын аударған бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Бас прокурор қылмысқа қарсы күресте цифрлық технологияларды жаппай енгізу жөнінде баяндады. Атап айтқанда, іздеуде жүрген азаматтарды «ақылды» бейнекамераның көмегімен табу (іздеуде жүргендер саны 9,4 пайызға азайды) тәсілі жолға қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру, барлық салада заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі бизнесімен күрес, қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің маңызын атап өтті.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Ринат Зайытов бас прокурорға «жылпос» адамдар туралы айтып шағымданды

12.02.2025

88 қазақстандықты алдаған адам шетелде ұсталды

07.02.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілерден 117 рет жауап алынған

29.01.2025

Былтыр Маңғыстауда қылмыс саны қатты өскен

20.01.2025

Жұрттың 100 млн теңгесін алдап әкеткен азамат Сербиядан экстрадицияланды

09.01.2025

Алимент қарызы бар адам 2 млн теңгесін ұтысқа салып жіберген

31.12.2024
MalimBlocks
Ринат Зайытов бас прокурорға «жылпос» адамдар туралы айтып шағымданды

Ол өкінішке қарай, жазықсыз жем болған жандардың жағдайын ұғып жатқан Үкімет те, банктер де көрінбейді деп айтты.

88 қазақстандықты алдаған адам шетелде ұсталды

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілерден 117 рет жауап алынған

Қылмыстық іс бойынша 39 сараптама тағайындалған

Былтыр Маңғыстауда қылмыс саны қатты өскен

Ал ең көп қылмыс Алматыда жасалады

Жұрттың 100 млн теңгесін алдап әкеткен азамат Сербиядан экстрадицияланды

Ол елді техника сататын болып алдаған

Алимент қарызы бар адам 2 млн теңгесін ұтысқа салып жіберген

Биыл елімізде 135 алимент төлеуші жауапқа тартылған